Криминалистика

дау керек. Айталык, қылмыскердің терезеден түсуін айғактай- тын фактілер әлі де бұлтартпайтын ақикат факт емес, өйткені баска да ақиқат фактілер болуы әбден мүмкін. Егер қылмысты ашу эксперимент жүргізу жолымен растал- са, ондай тұжырым бұлтартпайтын акиқат ретінде кабылдана- ды. Ал, керісінше, калдырылған ізді аныктау жолы эксперимент кезінде сезік тудырса, тергеуші қылмыстың ізін анықтаудың басқа жолын іздестіреді. Сезік тудырмайтын нәтижелер ғана бұлтартпайтын ақиқат ретінде кабылданады. IV т а р а у ТІНТУ ТАКТИКАСЫ §1. Тінтудің криминалистикалық түсінігі, оның түрлері және міндеттері Қандай кылмыс жасалса да қылмыскер осы кылмыстың ашылмауына, оның ізін жасыруға әр түрлі әрекеттер жасап, қылмыстың ізін суытып, заттай дәлелдемелерді тығып, жок етуге тырысады. Сондықтан тергеу кызметкерлерінің міндеті — қалай болғанда да кылмысты ашуға керекті дәлелдемелерді, заттай дәлелдемелерді тез арада тауып алу. Затгай дәлелдемелерді тез арада тауып алып, қылмысты ашуға көмектесетін тергеу әре- кеттерінің бірі — тінту. Кылмыстык іс жүргізу кодексінде тергеудін бүл әрекетіне түсінік берілмеген. Занда егер істің мән-жайына байланысты заттай дәлелдемелерді қылмыскер не баска адамдар өз еркімен бермесе, олар тінту жүргізу аркылы алынады деп қана көрсе- тілген. Тінтуді уақыт өткізбей, дер кезінде жүргізу керек. Сон- да ғана іске керекті деректерді тауып алуға болады. Тінту дегеніміз үй-жайды, кора-ауланы еріксіз түрде қарау арқылы іске қатысы бар заттай дәлелдемедерді, тығылып калған қылмыскерді тауып алу үшін жүргізілетін, занда көрсетілген күрделі тергеу әрекеті. Кейбір авторлар қандай объектілерді іздеп табу керек екенін тізбектеп айтып көрсетеді. Мысалы, қылмыс жасауда колда- нылған кару, жалған құжаттар, кылмыскердің киген киімі, т.б. Бұлардың бәрін іске керекті заттай дәлелдемелер деп тұжырым- дап көрсетсе де болады. Оқиға болған жерді карау мен тінтудің ұқсастығы — осы екі тергеу әрекеті кезінде де белгілі бір нысан, 18-846 273

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==