Криминалистика
Күрделі жағдайларда тергеуші арнайы жоспар жасауы тиіс. Ол жоспардатәжірибеніңөткізілетін жері мен уакыты, катысу- шылардың құрамы, олардың міндеттері мен байлайысы накты- ланып керсетіледі. Ал, эксперимент өткізілетін жерге келген- нен кейін тергеуші қылмыс жасалған уакыт пен эксперимент жүргізілетін уақыт аралығында жағдайға кайсыбір өзгерістер болса, онда ондай өзгерістер фотосуреттің көмегімен хаттама- да көрсетіледі. Сондай-ақ, тергеуші эксперимент нәтижесінде анықталған жайттар мен қылмыс жасалған кездегі жайттардың сәйкес келетінін немесе сәйкес келмейтінін тексереді. Экспериментке қатысушыларға олардың эксперимент кезінде орындайтын міндеттерінін мән-мазмұнын түсіндіреді. Алайда, мұндайда эксперимента ң болашак нәтижесі туралы сөз болмауы және тәжірибе алдын ала сипатталмауы тиіс. Яғни, тәжірибеге қатысушыларға олардын қай жерде болуы, кандай нәрсеге назар аударуы кажеттігі ғана айтылады, эксперимент ке қатысушылардың өзара үйлесімді қызметінің әдіс-тәсілдері айқындалады. Тәжірибе жүргізуге қажетті заттай дәлелдемелердің немесе олардыңорнын алмастыратын затгардын жеткіліктілігі, сакта- луы мен тәжірибеге жарамдылығы тексеріледі. Экспериментке қатысушылардың барлығына да бұл тергеу әрекетінің мәні мен нәтижесі жайлы ешкімге жария болмауы мүқият ескертіледі. §3. Тергеу эксперименты жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдер Дайындық жүмыстары толык аяқталғаннан кейін, тергеуші осы тергеу әрекетіне катынасатын адамдарға олардың міндет- терін, кімнің не істейтінін түсіндіріп, әрқайсысын өз орында- рына орналастырады. Тәжірибе екі жерде жүргізілсе екі топ- тын бір-бірімен қалай, кандай белгімен байланыс жасайтыны, тәжірибе қайталанған кезде екі жақты баскару әдістсрі айтылады. Эксперимент тергеушінің берген белгісі бойынша бастала- ды. Осы белгі берілгеннен кейін тәжірибенің барысын бақылау- шы топ зер салып бакылап, арнайы белгімен тәжірибе-сынақ- тыңдұрыс жүргізілуін баскарып отырады. Егер тәжірибе бары- сында алдын ала қойылған шарт, міндеттер орындалмаса, не басқаша орындалса (мысалы қатынасушы дублерлер тәжірибені дұрыс жасамаса) тергеуші белгі беріп тәжірибені тоқтатады, оны і 270
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==