Криминалистика

Қылмыстық іс жүргізу занына сәйкес тергеу экспериментіне қатысушылардың екі түрі қарастырылған — міндеттелетін және міндеттелмейтін қатысушылар. Тергеу экспериментіне міндетті түрде катысушылар - тергеушілер, куәгерлер. Тергеуші экспе- риментті дайындайды, тәжірибелі іс-қимылымен оған басшы- лык жасайды, оны өткізу, кайтадан өткізу қажеттігін анықгай- ды, экспериментті өткізуге қатысты барлық үйымдык және іс жүргізу мәселелерін шешеді. Кейбір жағдайларда экспериментті жүргізетін тергеушіге көмекке баска тергеуші немесе полиция- ның жедел кызметінің кызметкері бөлінуі мүмкін. Экспсриментке айыпталушы, сезікті, куәлар, жәбірленуші, маман, сондай-ак корғаушы міндеттелмей-ақ қатыса алады. Экспериментті жүргізу кезінде оған прокурордың да қатысуы- на болады. Айыпталушы (сезікті) тергеу экспериментіне оның тәжірибе жүргізу мүмкін болмаған (мысалы, ол кәсіби дағды- ны игерген бе, жок па, соны анықтау үшін) немесе тергеуші, ішінара айтканда, іс-қимылды өзгерту немесе басқалай дайын- дық әрекеттеріне қажет деп есептеген жағдайда карастырыла- ды. Алайда, айыпталушы экспериментке ерікті түрде қатысты- рылуы тиіс. Оны жауапты істерге күштеп қатыстыруға жол берілмейді. Куәлар мен жәбірленушілерге қатысты мәселе де осылай шешіледі. Маман тергеу экспериментінің бір мүшесі ретінде тергеу- шінің жағдай өзгерген кезде тиімді шешім қабылдауына, кейбір жағдайларды шешуге арнайы білім қажет болғанда, іс-қимыл- ды ақылмен жүргізуіне көмектесуі үшін қатыстырылады. Ал маман-криминалист фотосуреттерге немесе кинобейнелерге, дыбыс жазбаларына қатысты мәселелерге орай кәсіби көмек көрсетеді. б) Керекті техникалык құрал-саймандарды және баска да жабдықтарды дайындау. Дайындық жұмыстарын жүргізу үстінде тергеуші экспери ­ мент өткізуге қандай құрал-саймандар керек екендігін алдын ала шешіп, осы кажетті техникалык саймандарды және баска да жабдықтарды дайындап алуы тиіс. Мысалы, тергеу экспери- ментін жүргізуге өлшеу құралдары, фотоаппарат, бейнежазба, кейбір косалқы күралдар да кажет болуы мүмкін. Сондықтан осының бәрін алдын ала аныктап, керекті құрал-саймандарды тергеуші тергеу эксперимент^ өткізетін жерге шықпай тұрып дайындап алуы керек. 269

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==