Криминалистика

• жоғалған, жарамсыз болып қалған немесе затгай дәлелде- мелердің орнына жүретін заттарды (қаруды) іріктеу сияқты түрлері бар. Тәжірибеде жағдайды байырғы қалпына келтірудің баска да түрлері кездеседі. Айталық, учаскені алғашқы калпына келтіру үшін кей жағдайда күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізуге тура келеді (жер ойып шұңкыр жасау, я қазылып койған шұнкырға топырақсалып бұрынғы деңгейіне жеткізу, алып тасталған кабыр- ғаны қайта көтеру т. б.). Қалпына келтіру барысында кей жағдайда өзгерістер де енгізілуі мүмкін. Мұндай өзгерістер ойластырылмаған, кездей- соқ (мысалы, оқиға болған жерде адамдардың байқаусыз қимыл- дарына байланысты туған өзгерістер) және мақсатты түрде ой- ластырылған, полиция қызметкерлерініңөздері жүргізетін (мы ­ салы, көлік апатына байланысты жағдайды байырғы қалпына келтіру кезіндегі, зардап шегушіге көмек көрсету кезіндегі) өзгерістер түрінде болады. Жағдайды қалпына келтіру кезінде объектінің бұрынғы калпы мен ондағы кейінгі өзгерістерді дәл білу керск. Бұл жөніндегі деректер окиға болған жерді және жекелеген заттар ­ ды тексеріп, оны хатгамаға бекіту кезінде куәгерлердің, зардап шегушінің, айыпталушылардың жауаптарынан, фотосуреттер мен киноқұжаттардан, схсмалардан, жерге орналастыру жос- парларынаи, ғимараттың әр катарының жоспарынан және бас ­ ка да құжаттардан, қылмыс жасалған кезде бүлінген затгардың байырғы қалыптарын білетіңдерден жауап алу барысында анық- талып, нактылануы мүмкін. Кагелесіп кетпеу үшін жауаптарда және басқа күжаттарда келтірілген деректерді мұқият салыс- тырып, ондағы кездескен қарама-қайшылыктардың анық-каны- ғына мұқият көз жеткізу керек. Шытырман жайттарға кездес ­ кен кезде тергеушінің ақыл-кеңес алу үшін тиісті мамандарға (сот-дәрігеріне, өрттен сақтандырушыға, қүрылыс инженеріне, т.б.) жүгінгені жөн. Ал егер қалпына келтіру үшін қол еңбегін, әр түрлі материалдарды, қайсыбір құрал-жабдықтарды пайда- лану кажет болса, тергеуші мұндай кажеттілікті дәлелдеп қағазға түсіріп, арнайы қаулы шығаруы тиіс. ә) Тергеу экспериментіне қатысушылар. Эксперимент жүргізу жөнінде шешім алысымен тергеуші осы тергеу әрекетіне қатынасатын адамдарды да белгілеп алуы керек. і 268

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==