Криминалистика
налистикалық сараптаманың кейбір түрлеріне жуыктайды. Алайда, із қалдыру сипатын анықтау үшін ғылыми саралаудың кажеті жоқ, экспериментті тергеушінің өзі жүзеге асырады. Жекелеген тәжірибелерді жүргізуге, қажет болған жағдай- ларда, баска адамдар да шақырылуы мүмкін. Оның санын, міндетін тәжірибенің мән-мазмұнына, түріне орай, тергеуші анықтайды. Егер мұндай адам тәжірибе жүзінде жәбірленушіні, айыпталушыны, куәлар алмастырған болса ол тиісінше алмас- тырылатын адамға барлық белгілерімен (бойымен, тұрпатымен, салмағымен, есту, көру қабілетімен, т.б.) міндетті түрде ұқсауы тиіс. §2. Тергеу экспериментіне дайындык жұмыстары Тергеуші экспериментінің құрылымына орай оған дайындык екі кезенде — эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейін және нак эксперимент жүргізілетін жерде өткізіледі. Эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейінгі дайындық кезінде тәжірибенің мән-мазмұнын, оны өткізу тәртібін, жағ- дайдың өзгерісін анықтап алу керек. Яғни, бұл кезең — маман- дармен акылдасу; кәсіпорынның жүмыс тәртібін, ішінара айт- қанда технологиялықтәртіпті реттейтін кұжаттармен, арнаулы әдебиеттермен танысу; қатысушыларды іріктеу; тергеушінін назарын аударған жағдайға байланысты айыпталушыдан қай- тара жауап алу кезендері. Тергеушінің эксперимент өткізетін жерге шықпай тұрып жүргізетін дайындык жүмыстарын үш топка бөлуге болады: тәжірибе өткізілетін жерді бұрынғы қалпына келтіру; экспери мент өткізуге катынасатын адамдарды анықтап, белгілеп алу; керекті құрал-саймандарды, материал, жабдыктарды дайындау. а) Тергеу эксперимент кезінде тәжірибе өткізілетін жерді бұрынғы калпына келтіру. Эксперимент болып өткен белгілі бір окиғаны, әрекетті кайта тудыру, сөйтіп, істі тексеру барысында акиқатты анықтау мак- сатын көздейді. Бұған мұқият дайындалу аркылы қол жеткізуге болады. Эксперименттің түрі мен мақсатына сәйкес ұқсас жағдай- лар ретінде - қылмыс жасалған кезге сәйкес келетіндей етіп мекен-жай, жылдың кезеңі мен тәуліктері, ауа райы; ұксас зат- тарды - кылмыс жасалған кезде колданылғандай материалдар, құрал-жабдыктар түсініледі. і 266
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==