Криминалистика
бірнеше қайтара бастапқы қалпына келтіру арқылы өз болжа- уын нықтай түседі. Тәжірибе жүргізу барысында арнайы шек- теу шарттары қойылады: тәжірибе адамның денсаулығына нүқсан келтірмеуі, оның өміріне қатер төндірмеуі тиіс. Соны- мен бірге ол катысушылардың құкығын бұзбайтындай, оларды қорлап, кемсітпейтіндей жағдайда өткізілуі тиіс. Эксперимент аркылы іс бойынша жинакталған кейбір дәлелдемелердің, мәліметтердің шындығы ғана анықталып қой- майды, сонымен қатар жаңа деректер де алынады. Тергеу эксперимента жүргізудің нәтижесінде көбінесе жәбірлену- шінің, куәлардың, айыпкердің жауаптарында, сондай-ак баска да қосымша айғақтарда келтірілген мәліметгердің шындығы, оның болу мүмкіндіктері тексеріліп, анықталады. Тергеуші осындай жолмен өзінің кейбір болжауларына көз жеткізеді. Яғни, оқиғаның қалай болғаны, оның мән-жайы, орыңдалу тетігі тәжірибе өткізу жолымен тексеріледі. Тергеу эксперимент! -өзалдынадербес, өзінетән міндеттері бар іс жүргізу әрекеті. Сонымен бірге ол тергеудің баска да әрекеттерімен тығыз байланысты, міндетгері жағынан өзара ұштасып жатады. Яғни, басқа да тергеу әрекеттері сиякты тер геу экспериментінің де басты міндеті — іске қатысты кылмысты ашуға керскті деректер жинау. Дегенмен, деректсрді ерекше, өзіне ғана тән тәсілдермен жинап, тексеретіндіктен тергеу экспериментінің өзіне тән міндеттері бар. Тергеу эксперимент! шешетін сүрақтарына орай үш түрге бөлінеді. Эксперименттің бірінші түрі - кейбір құбылыстын не әрекеттіңайтылған, көрсетілген жағдайда болуы мүмкін бе, жоқ па, соны анықтау. Мысалы, белгілі бір затты, нәрсені айтылған жағдайда көрсетілген адам көтеріп кете ала ма немесе белгілі бір қашыктыкқа көрсетілген уақытта барып жетуге бола ма, айтылған жүмысты ол адам өзі атқара ала ма, ол оның қолынан келе ме, қоймадағы тесіктен белгілі бір затты алып шығуға бола ма, жоқ па, міне осындай толып жатқан сұрақтар төңірегіндегі шындыкты анықтау. Тергеу экспериментінің екінші түрі - белгілі бір жағдайда (қашықтықта) болған окиғаны, күбылысты көріп қабылдауға, сөзді, дыбысты сстуге бола ма, соны анықтау. Эксперименттін үшінші түрі — із қалдыру (сындыру, соғу, аралау, т.б.) сипатын, оның механизмін анықтау. Тергеу экспериментініңбүл түрі өзінің мән-мазмұны жағынан крими- 265
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==