Криминалистика
белгілердің бар-жоғы анықталады. Киімін қарап болғаннан кейін, оның денесі қаралады. Егер куәландырылатын адамды мүндай қарау кезінде жалаңаштандыруға тура келсе, онда бұл тергеу әрекетіне басқа жыныстың адамдары қатыса алмайды. Сондықтан егер әйел адам жалаңаштандырылып қаралса, бұл тергеу әрекетін әйел тергеуші жүргізу керек те, ал еркек адам куәландырылса, еркек тергеуші өткізуі керек. Калай болғанда да бул тергеу әрекетін жүргізу кезінде куәландырушы адамның намысына тиетіндей, оны кемсітетіндей іс-әрекетгер жасалмай, жүргізілетін жұмыстардың бәрі моральдық нормаларға сай бо- луы тиіс. Бұл тергеу әрекетін жүргізгенде негізінен куәландырылатын адамның үстінде бір ерекше белгілер, дақ және басқа іздердің болуы тексеріліп, қаралады. Мысалы, бір істі тергегенде жәбірленуші кылмыскердің сол жак иығында қал гал кеудесіңде жүректің суреті тәрізді татуировка бар екені баяндалды. Тергеудін бастапқы кезеңінде ұсталған сезікті адам бұл кыл- мысқа қатыспағанын және жәбірленушіні танымайтынын ай- тып жауап берді. Оны куәландыру үшін беліне дейін шешін- діргенде жәбірленушінің айтканындай қылмыскердің иығында қал, кеудесінде татуировка бар екені аныкталды. Сонымен куә- ландырудың корытындысы істі дер кезінде ашуға өте күнды дәлелдеме есебінде пайдаланылды. Куәландыру сонымен катар сот-медициналык сараптаманың ерекше түрі есебінде жүргізіледі. Сезіктінің, айыпкердің, не жәбірленушінін денесін Караганда арнайы медициналык білім қолданылып, олардың денесінде бар жаракат тексеріліп, зерт- телсе ондай куәландыру сараптамалык зерттеудің бір түрі бо- лып саналады. Мұндай зертгеп қарау үстінде негізінен мына төмендегі сұрактар анықталады: а) куәландырған адамнын денесінде, кай жерінде, каңдай жарақаттар бар? ә) жаракаттардың түрі, өлшемі, саны және олардың жалпы ауырлығыныңдәрежесі? б) куәландырған адамның денесінде бұрын жасалған опера- цияның белгісі бар ма? Егер де жай карау аркылы бүл сұрақтарды шешуге мүмкіндік болмай, оларды анықтауға медициналық зерттеулер қажет бол- ған жағдайда сот-медициналык сараптама тағайындалады. 263
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==