Криминалистика

болған жердің жалпы көрінісі түсіріліп, ондағы әр объектінің орналасуы, олардың ара қашыктығы кестелі түрде бейнеленеді, схемада оның белгілі өлшем көлемі, оңтүстік не солтүстік ба- ғыты көрсетіледі. Оқиға болған жердің жалпы көрінісін және ол жердегі жеке объектілердін орналасуын түсіндіріп, нақтылап көрсету үшін қарау кезінде арнайы сот-фотографиясынынәдістерін колдану арқылы бүл жер фотосуретке түсіріледі. Бағдарлап және жал ­ пы шолу әдістерімен оқиға болған жердің көрінісі толык кам- тылып түсірілсе, түйінді және бөлшекті әдістермен жеке объек- тілер, іздер, заттай дәлелдемелер түсіріледі. Осындай әдістермен алынған фотоқұжаттар хаттаманың орнына дәлелдеме есебінде емес, тек хаттамада баяндалып жазылған жағдайды нақтылап түсіндіріп көрсету үшін керекті косымша дәлелдеме есебінде ғана пайдаланылады. Тергеуші келген сәтте оқиға әлі аяқталмаған болса (мысалы өрт әлі толык өшірілмесе) былайша айтканда, белгілі бір серпінді процестерді, кұбылысты бекітуге тура келсе, осының бәрі бей- нежазбаға түсірілуі керек. Қарау үстінде қолданылған бекіту тәсілдері мен қолданыл- ған техникалық құралдардың бәрі міндетті түрде хаттамада көрсетілуі тиіс. §5. Куәландыру Тергеу әрекетінің ерекше бір түрі - адамдарды куәландыру. Қылмыстык істерді тергеу кезінде кейбір жағдайларда сезікті адамның, айыпкердің не жәбірленушінің, денесінде әр түрлі дак, ерекше белгілер, не іздер барлығын анықтау үшін оларды занда көрсетілген тәртіпті сақтай отырып, куәландырып карауғатура келеді. Өзіндік міндеті бойынша және карау мезгілінде колда- нылатын тәсілдер бойынша куәландыру бірде тергеу әрекеті есебінде жүргізілсе, екінші жағдайда сот-сараптамасының ерек ­ ше түрі есебіңде жүргізіледі. Осыған байланысты олар тергеулік және медициналык куәландыру деп аталады. Тергеу әрекеті есебінде жүргізілген жағдайдан басқа, объек- тілерді қарау үстінде әдеттегідей пайдаланылатын әдістер қол- данылады. Айталык, адам куәландырылғанда, біріншіден, оның киген киімдері қаралады, олардың жалпы жағдайы, жыртылған жері, үзілген түймесі, дак, таңба, тағы басқа да ерекше t 262

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==