Криминалистика
Хаттама үш бөлімнен тұрады. Бірінші, кіріспе бөлімінде оқиға болған жердің қай күні және қай уақытта, кімдердің қаты- суымен қаралғандығы, окиға болған жердің мекен-жайы, (не орналасқан жері), қаралған объектілері, окиға болған жер қан- дай жағдайда каралғандығы туралы мәліметтер жазылады. Екінші, сипаттап жазу бөлімінде қаралатын жердің ерекше- лігі, үй (пәтер) болса неше бөлмеден тұратыны, бөлмелердін орналасуы, есігінің қай жақта екендігі, терезелерінің кай қабыр- ғаға қондырылғаны, т.б. ерекшеліктері толық жазылуы тиіс. Каралған объект сол каралу ретімен хаттамаға тіркеледі, қарал- ған заттардың орналасқан орны осы жердегі тұрақты бір объектіге байланыстырылып, яғни осы объектіден канша ара кашықтык жерде түрғандығы көрсетіледі. Мысалы, «мәйіт жат- қан диван оң жақтағы кабырғаның бойында, шығыс қабырға- дан 2 метр жерде тұр» деп көрсетілуі керек. Мәйіт бөлменің ор- тасында, еденде жатса оның жаткан орны төрт нүкте бойынша белгіленеді. Айталық: мәйіттің басы батыс жақтағы қабырға- дан 1,5 метр, шығыс жактағы қабырғадан 2 метр, ал созылып жатқан оң аяғы (екі аяғы да созылып жатса екі аяғы деп көр- сетіледі) солтүстік жақтағы кабырғадан 3 метрде, батыс қабыр- ғадан 1,3 метр деп көрсетілуі тиіс. Карау үстінде табылған іздер, заттай дәлелдемелердің табылған жері, осы объектілердің ны- саны, өлшемі, жағдайы хаттамаға толык сипатталып жазылуы кажет. Егер көзге көрінбейтін іздерді іздеп табуға арнайы әдіс, қүрал-саймандар колданылған болса, олар да хаттамаға міндетті түрде енгізіледі. Жоғарыда айтылғандай, қар үстіндегі іздерді бекітуге, айталык, олардың үлгісін алу үшін жеке бекіту әдістері қолданылса, олар да хаттамада толык көрсетілуі керек. Үшінші, қорытынды бөлімінде окиға болған жерді қарау үстінде кандай заттай дәлелдемелер алынғаны, осы хаттамаға қандай косымша бекіту әдістері қолданылғаны көрсетіледі. Айталық, оқиға болған жердің схемасы сызылып, объектілер фотосуретке түсіріледі. Егер оқиға болған жерден мәйіттабыл- са, оның кай мәйітханаға кім аркылы жіберілгендігі жазылуы тиіс. Хаттаманың соңғы жағында қарауға қатынаскан адамдар- дан наразылык не тілек-өтініштердің түскен-түспегендігі көр- сетіледі. Хаттамаға қосымша оның кей жерлерін нақтылап көрсету үшін, оқиға болған жердің схемасы сызылады. Схемада оқиға 261
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==