Криминалистика
ды идентификациялау әдістемесі әзірге толық зерттелмеген. Сондықтан мұндай идентификациялық зерттеулер әлі күнге дейін жүргізілмейді. Бірақ адамның иісін осы иіс қалдырушы қылмыскер адамды ұстауға пайдалануға болады. Ол үшін ар- найы осындай жұмысқадағдыланып үйренген иттерді ізгетүсіру арқылы қылмыскерді «ізін суытпай» соңына түсіп ұстауға бо лады. Осы тәрізді қылмыскерді ұстауға, жалпы қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру жүмыстары карау үстінде және қарау біткеннен кейін де жүргізіледі. Егер тергеу қарауы түнде, караңғыда жүргізілсе, осы жер жарық түскеннен кейін қайта каралуы тиіс. Мұндай жағдайда оқиға болған жер бірінші қарауда толык қаралмай, оның тек түйінді, маңызды жерлері ғана қаралады. Оқиға болған жерді қараудың соңғы кезеңінде табылған іздерді, заттай дәлелдемелерді олардың жағдайын, орналасуын, бәрін есептей келе, оларды талдау жасау аркылы бұл жерде не болды, ол қалай болды, оған канша адам және кімдер катына- суы мүмкін, болған оқиғаның зардабы кандай деген сұрақтарға жауап алуға тырысу керек. Осындай шығармашылық талдау үстінде тергеуші карауға қатыскан мамандардың пікірін, олар- дан алынған ауызша мәліметтерді де ескере отырып логикалық талдау және синтездеу, дедукциялық және индукциялык әдістерді колдану арқылы қылмысты ашуға керекті сұрақтар- дың бәріне жауап алуға тырысуы тиіс. Окиға болған жерді карау үстінде аныкталған мәселелердің, табылған айғақтардың дәлелдемс есебінде іске тіркелуі оның қорытындысының заң жүзінде дүрыс және толык бекітілуімен тығыз байланысты. Оқиға болған жерді қараудың барысын және нәтижесін бекіту тәсілдері жалпы және жеке болып екіге бөлінеді. Бекітудіц жалпы тәсілі дегеніміз - оқиға болган жердіц жалпы көрінісін толық көлемде бекіту болса, жеке тәсілі — карау үстінде табылган іздердің үлгісін алу және заттай дәлелдемелерді бекіту. Бұл кейінгі айтқан жеке бекіту амалдары жалпы бекітумен қам- тылатын болғандықтан, бұл жұмыста оқиға болған жерді бекіту- дін жалпы түрлері каралады. Оқиға болған жерді бекітудің ең негізгі және занда нақты- лап көрсетілген түрі — хаттама жазу. Хаттаманы толтыру үстінде аныкталған барлық жағдайлар, табылған және алынған іздер, заттай дәлелдемелер толық, объективті түрде белгілі бір кезек- пей жазылуы тиіс. 260
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==