Криминалистика
Егер механизмі өте күрделі күлыптар бұзылған болса (мыса- лы, сейфтің құлпы) оны бұзып-ашу әдісіне мән беру керек, себебі мұндай құлыптың механизмін біліп, ашу белгілі кәсіби дағдысы бар адамның ғана қолынан келеді. Мұндай жағдайда қүлыпқа басқадай әрекет жасамай (келеді-ау деген кілттермен ашып көрмей) оның белгілі бір әдіспен ашылуын анықтау үшін ол трасологиялык сараптамаға жіберіледі. Көліктің іздерін карау үстінде зер салып аныктауға жататын мәселелер: доңғалақтың протекторыныңтүрі; екі доңғалақтың (артқы және алдыңғы) ара қашыктығы, доңғалактың тежеу ізі және оның өлшемі; көліктің сынып түсіп калган бөлшектері (сыдырылып түсіп қалған бояуы, әйнек, шыны т.б.). Осы іздер бойынша оқиғаға катысы бар көліктің (автомашинаның) мар- касын (моделін) білуге, оның қай бағытта кеткенін аныктап, бүл мәліметтерді осы машинаны іздеп табуға пайдалануға болады. Айтылған іздердің маңызы, әрине осындай мәлімет алумен ғана шектелмейді. Келтірілген іздер және олардың өлшемі бойын ша жол-көлік оқиғасының болу механизмін анықтауға болады. Мысалы, доңғалақтың тежеу ізінің өлшемі бойынша жолдын жағдайын, қалпын, машинаның маркасын және баска да жағ- дайларды ескере келіп, автотехникалық — сараптама оқиғаға қатынасы бар машинаның, осы оқиға болар алдында қандай жылдамдықгіен келе жатқанын анықтап бере алады. Із қалдыр- ған доңғалақтрасологиялык-сараптама арқылы идентификация- ланады. Қылмыс жасауға ату құралы қолданылған болса, оқиға бол тан жерде октың іздерін зерттеуге тура келеді. Қарау үстінде октың кірген және шыккан жерін аныктау керек. Оқтың іздерін қарау және зерттеу арқылы атылған оқтың бағытын, қашықты- ғын және қанша ок атылғандығын анықтап білуге болады. Көзге көрінбейтін микроұнтактар болатын объсктілерді еп- теп абайлап қарау керек, Микроұнтақтың бар, я жок екендігі микроскопиялық зерттеу аркылы анықталады. Қарау үстінде негізгі қасиеттері, табиғаты белгісіз заттар киімдс нс басқа объектідегі дақ, сұйық заттар табылса оның түсін, өлшемін және неге ұқсас екенін корсету қажет (айталық, коңыр түсті, канға ұқсас дақ деп атап жазу керек). Окиға болған жерде қылмыскердің иісі де калады (адамның иісін зерттейтін ілімді криминалистикада одорология дейді). Адамның иісін оқиға болған жерден алып, сол бойынша адам- 259
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==