Криминалистика

бар ма, қалталарында не бар, тағы да басқа көрінеу белгілері бар ма, міне осылар аныкталады; • мәйіттің денесінде қандай жарақаттар бар, олардың түрі, өлшемі және орналасқан орны; • мәйіт белгілері, атап айтқанда, мәйіт дағы бар ма, жоқ па? Егер бар болса, дененің кай жерінде екендігі. Мәйітдағыныңжәне мәйітгіңдене мүшесініңтырысуының криминалистикалық маңызы зор. Себебі бұл белгілер аркылы адамның қашан өлгенін білуге болады. Егер мәйітті козғаса, бастапкыда ол қалай, қай калыпта жатқандығы аныкталады. Егер мәйіттің қасында кару (ату қаруы, пышақ) жатса, онын мәйіттен қандай қашықтықта жаткандығы өлшеніп белгіленеді. Болған қылмыстың механизмін ойша болжау арқылы қыл- мыскердің белгілі бір объектілерді ұстау мүмкіндігін анықтап, осы объектіде колдың саусақтарынан шыққан, майлы терден пайда болған іздерді табуға әрекет жасау керек. Мүндай іздер көбінесе көзге көрінбейтін не өте нашар көрінетін болғандық- тан, оларды көрінетін жағдайға келтіру үшін осындай іздерді табуға арнайы ұнтақтар пайдаланылады. Криминалистикада көзге көрінбейтін іздерді шығаруға кара және актүсті үнтактар қолданылады (қара түсті ұнтақтар — жез тотығы, қорғасын то- тығы, графит, күйе; ақтүсті — мырыш тотығы, алюминий ұнта- ғы). Осындай іздер болуы мүмкін деген объектілерге йодтың буын жіберу аркылы майлы терден пайда болған іздерді шыға- рып, көрінетін жағдайға келгіруге болады. Үнтақты колданып шығарған, іздердің үлгісі дактилоскопиялык пленкіге көшіріледі де, йодтың буымен шығарылған іздердің үлгісі силиконды пас ­ та қолдану арқылы алынады. Кей жағдайда іздерді шығаруға арнайы химиялык реактивтер де колданылады. Осындай әдіс- термен ізді шығару жәнс алу ірі, рабайсыз үлкен объектілердегі іздерді тауып алуға пайдаланылады (есікте, іпифонердс, үстелдің үстінде). Егер із оқиға болған жерден алуға ыңғайлы кішігірім объектіде болса (мысалы, стаканда, бөтелкеде т.б.) ол объектінің өзін алып, ондағы іздерді лабораториялык жағдайда көрсетілген әдістермен шығарып аду кажет. Оқиға болған жерді карау үстінде табылған бұзу кұралдарындағы іздердің үлгісін алуға да силиконды пасталар (паста «К», СКТН, КЛСЕ — 305) колданы ­ лады. Мұндай пасталар аяқкиімнің, көлемді іздердін (аяктың, батпакта калган етіктің ізі) үлгісін алуға пайдаланылады. Бірак тергеу тәжірибесінде осындай іздердін үлгісін алуға көбінесе гңпстің қоспасы колданылады. 258

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==