Криминалистика
луға пайдаланылған жіп қара майға былғанғандықтан асылған адамның қолы да лас, кара май болар еді. Осындай келеңсіз жағдайларды тергеудің кейінгі кезендерінде тексеріп зерттеу арқылы нақтылы қандай кылмыстыңжасалғандығынанықтауға болады. Жоғарыда келтірілген мысалды жалғастыратын болсақ, жәбірленуші асылмаған, оны біреу түншыктырып өлтіріп, со- дан кейін қылмыстың ізін жасыру үшін осы жерде жатқан кара майға былғанған жіптен ілгек жасап мәйітті асып қойған. Осындай әрекеттермен, әдеттегідей, көбінесе қылмыскерлер қылмыстың ізін жасырып, тергеуді теріс жолға бағыттау үшін басқа бір кылмыстың жасалғандығын бүркемелеп көрсетеді. Осындай, көбінесе асығыс жағдайда кылмыскер қателіктер жіберіп, ол жалпы жағдайға қайшы келіп, тсріс көрініс, яғни негативті жағдай ретінде тергеушінің көзіне түседі. Оларды тек- серу аркылы нактылы жасалған кылмысты ашуға болады. Оған дәлелдеме есебінде қарау үстінде аныкталып табылған негативті жағдайлар дәлел болады. Окиға болған жерді караудың екінші кезеңінде жердегі әр объект бөлшек-бөлшегімен жеке-жеке қаралып, зерттеледі. Мұндай жағдайда, эр объект орнынан қозғалып, басқа жер- ге қойылады. Осындай қозғалмалық әдістер қолданғандықтан бұл қарау кезеңінде қолданылатын әдістерді серпінді (динами- калық) әдістер дейді. Әр объектіні қараудың өзіндік ерекшеліктері бар. Пәтерді қарағанда бөлмсгс кірген есіктен солдан оңға карай (не керісін- ше оңнан солға карай) кабырғада ілініп тұрған жабдықтар кара- лады. Карау үстінде олардың орналасуына, жалпы жағдайына көңіл аудару керек. Кабырға бойындағы нәрселерді қарап біткен соң бірте-бірте спираль тәрізді бағытпен бөлменің ортасында тұрған үй жабдыктары қаралады. Мәйітті карау үстінде белгілі бір кезекпен мынатөменгі мәсе- лелер аныкталады: • мәйіттің дене тұрысы және жалпы кейпінін. белгілері. Мұндайда мәйіттің мүшелерінің күйі және олардың орналасу қалпы жалпы айтқанда мәйіттің тұрқы анықталып, белгіленеді; • мәйіттің жатқан орны осы жердегі бір тұрақты және көр- некті объект арқылы белгіленеді. Айталык, мәйіт бөлменің ор тасында жаткан болса, мәйіттің басы, аяғы бөлменің қабырға- ларынан кандай қашықтықта екендігі белгіленеді; • мәйіттің үстіндегі киім, оның қандай калыпта екендігі. Мүндай жағдайда мәйіт киімінің жыртылған, былғанған жерлері 17-846 257
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==