Криминалистика

§4. Оқиға болтан жерді қарау кезендері және тәсілдері Оқиға болған жерді қарау екі кезеңге бөлінеді және осығаН байланысты арнайы әдіс-тәсіл колданылады. Тергеу әрекеті оқиға болған жерді жалпы шолып қараудан басталады да, бұл қараудың бірінші кезеңі деп саналады. Кей авторлар бұл кезенді оқиға болған жерді бағдарлау сатысы деп те атайды. Негізінен, бүл кезеңде тергеуші оқиға болған жерді толығымен, жалпы шолып қарау арқылы осы жерді бағдарлай- ды. Сондыктан жалпы шолуды бағдарлау үшін пайдаланатын әдістің бір түрі деп те санауға болады. Бұл кезеңнің негізгі міндеті - окиға болған жерді нактылап анықтау, ондағы орналасқан жеке объектілерді, олардың ара қашықтығын, орналасуын, жағдайын бёлгілеу. Оқиға болған жерді жалпы аралап, қаралатын жердің негізгі, түйінді, карауға күрделі жерлерін алдын ала бслгілсу керек. Оқиғаның түйінді жері дегенге іздердің, заттай дәлелдемелердің неғұрлым көбірек шоғырланған жерлері жатады. Бағдарлау үстінде сонымен қатар шешілетін сүрактар: кылмыскер бұл жерге (айталық, пәтерге) қалай келуі (кіруі) мүмкін, оқиғаны қай жерден көруге болады, қылмыс әрскеттерініңерекшелігіне байланысты қылмыстыңізі кай жерде қалуы мүмкін. Жалпы шолып қарау арқылы объекті- лердің орналасуын, олардың ара кашықтығын және басқа да жағдайларды ссептей келіп, тергсуші оқиғаныңболу механизмін болжап, кез алдына елсстетіп, болған оқиғаның көрінісін ойша жасап көруі керек. Міне, осы тұрғыдан алганда оқиға болған жерді қараудың бул сатысы тергеушінің шығармашылық тал- дауын кажет етеді. Осындай талдаудың сапасы қараудың және тергеудің дұрыс бағытта болуына тікелей ықпал етеді. Қарау- дың бұл сатысында тергеуші объектілерді қарау кезегін, ретін шешіп алады. Криминалистикада қарау, ситуациялык жағдай- ларға байланысты, окиға болған жердің ортасынан нс шетінен басталады. Сонымен қатар оқиға болған жсрді сүзе толық алға карай, бір бағытта қарау әдісі де колданылады. Оқиға болған жердің шетінен бастап, спиральдық әдіспен оның ортасына карай жүргізілетін қарауды орталыкқа шоғыр- лану концентрлік әдісі дейміз. Айталық, бөлменің ортасында мәйіт жатса, кіре берістен, мысалы есіктен басталып, бөлменің кабырғасын жапсарлай тұрған объектілер спираль тәрізді оңнан солға, не керісінше, 255

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==