Криминалистика
анықтау және баска да жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуге арнайы тапсырма береді. Оқиға болған жерді қарайтын тергеу тобын құрғанда тергеу- ші қарауға қандай мамандар қатынасуы керек екендігін алдын ала анықтайды. Егер оқиға болған жерде мәйіт бар болса, онда қарауға міндетті түрде сот-медициналық эксперт немесе арнайы медициналықбілімі бар адам қатыстырылуы керек. Іздерді және баска да заттай дәлелдемелерді іздеп табу, бскіту, алу жәнс зерт- теу үшін карауға маман-криминалист қатыстырылады. Қарала- тын объектілердің ерекшеліктеріне байланысты баска да маман- дардың қатысуы мүмкін. Карауға пайдаланылатын құрал-саймандарды дайындау үстінде тергеуші тергеу чемоданының ішіңдегі жабдықтардың толық болуын, жарамдылығын тексереді. Осындай дайындык жұмыстарын бітіргеннен кейін тергеуші жедел окиға болған жерге шығуы қажет. Оқиға болған жерге келісімен тергеуші мына төмендегі да йындык жұмыстарын жүргізеді: • жәбірленушінің хал-жағдайы анықталып, керек болса оған жедел медициналықжәрдем көрсетіледі; • оқиға болған жердің шекарасын аныктайды; • полиция қызметкерлерінің және баска да лауазымды адам- дардыңбаяндауынан оқиға болған жерде қандай өзгерістер бол таный біліп, егер оқиға болтан жерде өзгерістер болса, олардың кандай себептен болғанын аныктайды; • кылмысты көзімен көрген куә адамдарды сүрау аркылы, окига жөнінде деректі мәліметтер алады; • керекті жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу жөнінде по- лицияға және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлеріне нұскау береді; • қараута катынасатын куәгерлерді анықтап, оларды занда көрсетілген құқықтары және міндеттерімен таныстырады, ар найы нұсқау береді; • тергеу әрекетін қараута қатысы жоқ бөтен адамдардың бұл жерден кетуін талап етеді; • жедел-іздестіру органдарының кызметкерлеріне арнайы дайындыты бар, үйретілген итті пайдалану арқылы қылмыс- кердің ізіне түсіп, оны ұстауға нұскау береді. Жотарыда көрсетілген және де окиғаның ерекшелігінен туын- дайтын баска да дайындық жұмыстарын бітіріп, тергеуші окита болтан жерді карауға кіріседі. 254
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==