Криминалистика
жөнінде белгілі бір болжаулар жасай алады. Оқиға болған жерді караудың маңызы, әрине мұнымен шектелмейді. Себебі, карау үстінде тергеуші осы қылмысқа байланысты іздерді, заттай дәлелдемелерді, өте кұнды деректерді тауып алып, оларды дәлел- деме есебінде пайдаланады. Окиға болған жерді қараудың тергеу әрекеті есебіндегі ма- ңызын дұрыс ұғу үшін алдымен оның түсінігіне токталайық. Біріншіден, оқиға болған жер дегенге не жатады, оның ұғымын талдайық. Оқиға болған жер деген түсінікке оқиға болған жер және осы кылмыстың іздері табылған жерлер жатады. Сондық- тан бұл үғымғатек қана қылмыс жасалған жер ғана жатпайды. Мүнымен қатар бүл ұғымға кылмыс жасауға дайындық жұмыс- тарын жүргізген жер, кылмыс жасауға қолданған қару және баска да заттай дәлелдемелер тапкан жер де жатады. Ол - жеке үй, пәтер, ашықалан, су айдыны, вагон, тағы баска да объектілер болуы мүмкін. Бір кылмыс бойынша бірнеше оқиға болған жер болуы мүмкін. Айталык, адамды өлтіріп, оны баска жерге апа- рып бөлшектеп, ол бөлшектерді эр жерге комсе, адамды өлтірген жер де, мәйітті белшектеген жер де, ол бөлшектерді комген жер де оқиға болған жер деп саналады. Сонымен бір жасалған кыл мыс бойынша бірнеше оқиға болған жерді қарауға тура келеді. Айта кететін бір жай, окиға болған жердеген түсінік пен қыл- мыстың болған жері деген түсінікті ажырата білу керек. Соңғы түсінікке тергеліп отырған қылмыстың нактылы болған жері жатады. Ол - окиға болған жер деген түсініктің күрамдас бір элементі. Айтылғандарды тұжырымдайтын болсак, оқиға болған жер дегеніміз қылмыстың жасалган жері және де сол қылмыстын іздері табылган ашық алаң, пәтер, жеке үй және баска да объектілер. Енді тергеу әрекетінің окиға болған жерді карау деген түсінігіне талдау жасайык. Криминалистикалық оқулыктарда бүл тергеу әрекетінің ма- ғынасына әр түрлі түсінік, үғым беріледі. Авторлардың берген түсініктеріне талдау жасасак, бүларда негізінен тек редакция- лық айырмашылыктары бар екендігі байқалады. Негізінен берілген түсініктерде бұл тергеу әрекетінің мағынасы, оның мівдеттері және маңызы, сонымен катар тергеу әрекетін жүргізу үстінде қолданылатын әдістер сипатталады. Кейбір авторлар бұл тергеу әрекетін кылмысты кім және қандай мақсатпен жаса- 251
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==