Криминалистика

2) мақсатты түрде жүргізілуі, қараудың барысы мен нәти- жесінеталдау жасау; 3) криминалистикалық техника талаптары мен ережелерінің сақталуы; 4) караудың бір бастамамен жүргізілуі; 5) тергеу қарауының барлык нәтижелерін толык және объективті бекіту. §2. Оқига болған жерді қараудыц түсінігі, маңызы және міндеттері Қылмыстық істерді тергегенде әр түрлі объектілерді карауға тура келеді. Жеке заттарды, мәйітті және баска да объектілерді карау бірде дербес тергеу карауының түрі болып саналады да, кей жағдайларда олар окиға болған жерді қараумен камтылады. Егер айтылған объектілер оқиға болған жерден тыс жерде қарал- са, бұл қарау жеке тергеу әрекеті есебінде саналады. Мысалы, ауыр жарақат алып, халсіз жатқан жәбірленуші емханаға алып барғаннан ксйін қайтыс болса, оның мәйітін қарау жеке тергеу әрекеті болып саналады да, оқиға болған жерді қараумен қамтылмайды. Мұндай жағдайлар, әрине сирек кездеседі, көбінесе жоға- рыда айтылған объектілер оқиға болған жерде қаралады. Оқиға болған жерді карау, тергеудің бастапқы кезеңінде, қылмыстық іс козғалмай түрғанда-ақ жүргізіледі. Көп кылмыс- тардыңтергеуі окиға болған жерді қараудан басталады. Бұл тер ­ геу әрекетін кешіктірмей, дер кезінде жүргізген жағдайда кыл- мысты ашуға керекті, өте құнды дәлелдемелер жинап алуға бо- лады. Қылмыстық оқиға бір адамның немесе бірнеше адамдар- дың белгілі бір әрекет-қимылдарынан тұратындыктан ол айна- ладағы ортаға эсер етіп, сол кылмыс жасалған жерде көптеген іздер қалдырады. Криминалистикада іздер деген түсінік екі мағынада колда- нылады. Тар мағынада із деп бір объектінің таңбасы, келбеті айтылады (колдын ізі, аяккиімнің ізі, т. б.). Ал, жалпы ксң ма- ғынада қылмыс іздері деген ұғымға окиға болған жерде калган заттар, қираған, сынған нәрселер және қылмысқа байланысты айналада болған өзгерістсрдің бәрі жатады. Осы өзгерістердің бәрін негізге ала отырып, оқиға болған жерді қарау үстінде тергеуші окиғаның қалай болғанын, айталык, оның механизмі і 250

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==