Криминалистика
лама қарауды жүргізу қажет екендігін көрсететін мәліметтердің алынуы, алғашқы қарауды толык, егжей-тегжейлі жүргізілмесе және дұрыс жүргізілгендігінде күмән туындаса, сонымен қатар, прокурор мен тергеу бөлімі бастығының тікелей нүскауымен жүргізіледі. Көлемі бойынша тергеу карауы негізгі және косымша деп бөлінеді. Алғашкы қарау көп жағдайда негізгі қарау болып та- былады. Сондықтан тергеуші караудың жан-жақты, толык жүргізілуіне тырысып, қосымша карау жүргізу қажеттілігін болдыртпауы қажет. Бірақ кей жағдайларда косымша қарау жүргізу ситуациялары да кездеседі: негізгі карау кезінде жеке- ленген учаскелерге, объект элементгеріне карау жүргізілмеген жағдайларда. Мысалы, бухгалтерлік құжаггарға қарау жүргізу кезінде журнал-ордерлер, ведомстер зерттелінді, бірак №10 ведомстің болмауы себебінен карау жүргізу мүмкін болмады. Кешірек бухгалтердің ұсынуымен №10 ведомстке карау жүргі- зіліп, косымша қарау хаттамасында бекітілген. Барлық объектілерге қарау жүргізуде жалпы процессуаль- дык және тактикалыкталаптар қойылады. Тергеу қарауы екі куәгердің міндетті қатысуымен жүргізі- леді, ал окиға болған жерді қарау кезінде өзге жағдайлар да бо- луы мүмкін. Куәгер болып әрекет қабілеттілігі бар, іске мүдделі емес, зан талаптарын мүлтіксіз орындайтын азаматтардын болуы қажет. Олардың міндетіне тергеушінің барлык әрекеттерін, сонымен қатар, хаттаманыңтолтырылуынобъективті бағалауы мен куә- ландыруы жатады. Куәгерлер мақсатты түрде тергеушінің, кри- миналист-маманның барлық әрекеттеріне бақылау жүргізуі ке- рек. Тергеуші карау әрекетіне жәбірленушіні, сезіктіні, куәні, айыпталушыны олардың келісімімен қатыстырта алады. Қарауға сонымен катар, тергеуші мамандарды шақыра ала ды. Қаралатын объектініңтүріне байланысты криминалист-ма- ман, дәрігер (медицина қызметкері), экономист, инженер, хи мик және т.б. шақыртылады. Тергеу ситуациясына, қаралатын объектіге байланысты участ ковый, патруль, жол полиция қызметкерлері қарауға қатысады. Тергеу тәжірибесі қарауының бірнеше тактикалық нүсқау- ларын үсынады: 1) караудың кейінге қалдырылмай, дер кезінде жүргізілуі; 249
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==