Криминалистика

жалпы және жеке болжауларды ұсыну үшін бастапқы ақпарат- ты алу; - қылмыстыңсуымаған ізі бойынша кылмыскерді іздестіруді жәйе қажетті жедел-іздестіру шараларын ұйымдастыру үшін мәліметтерді алу; - тергеу барысында кейінгі әрекеттерді (кезектегі шаралар- ды) жоспарлау үшін мәліметтерді алу; — тергелетін қылмыстың жасалуына себеп болған жағдай- ларды анықтау. Тергеу қарауының түрлерін әр түрлі негізер бойынша жік- теуге болады: қарау объектісі бойынша, жүргізу кезектілігі бо ­ йынша, көлемі бойынша. Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша тергеу қарауының келесі түрлері көрсетілген: - оқиға болған жерді; — заттай дәлелдемелер; — мәйіт; — сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің денесін карау. Криминалистикада тактикалық мағынасы жағынан қарау объектілеріне: — үй-жайдағы оқиға болған жер; - ашық жердегі оқиға болған жер; - мәйіт; - қылмыстың қаруы және кұралы; - құжаттар, фото-, бейне-жазбалар, киноқұжаттар сонымен катар, пошта-телеграфты хат-хабар; - жануарлар; — көлік кұралдары; — компьютерлер; - сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің денесі. Кезектілігі бойынша тергеу қарауының екі түрін ажырата- мыз: — алғашқы; — кайталама. Қайталама қарауды жүргізу жағдайлары әр түрлі болуы мүмкін: алғашқы қарауды сапасыз жүргізу (колайсыз метеоро- логиялық жағдайлар, түнгі уақыт және т.б.), қажетгі техника- лык құрал-жабдықтарды қолданбау, тергеу барысында кайта- 248

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==