Криминалистика
бір жолғы қарым-катынас та қалыптасуы мүмкін. Мысалы, қыл- мыстық занға сүйеніп тергеуші істің кейбір мән-жайларын же- дел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап беру жөнінде осы органға нұсқау береді. Айталык, қылмыска сезікті адамныңтұрмыс жағдайын, кіммен карым-қатынаста екендігін, кімнің үйіне және кай жерлерге жиі баратындығын, тағы да бас ка мәліметтерді жинап беру жедел-іздестіру органдарының қызметкерлеріне тапсырылады. Осымен катар тергеуші кейбір күрделі тергеу әрекеттерін өткізуге көмек беру үшін жедел- іздестіруші органның кызметкерлерін шақырып, тергеу әрекетін өткізу үстінде оларға арнайы тапсырмалар береді. Күрделі тергеу әрекеттерін тергеуші жедел-іздестіру орган- дарының қызметкерлерімен бірлесіп, іскерлікпен өткізуі бұл тергеу әрекетінің нәтижелігін сөзсіз арттырады. II т а р а у ТЕРГЕУ ҚАРАУЫНЫҢ ТАКТИКАСЫ §1. Тергеу қарауының түсінігі, мәні және түрлері Тергеу карауы - кылмысты тергеуге және ашуға маңызы бар немесе маңызды болуы мүмкін заттарды, құжаттарды және өзге де іздерді табу, бекіту, алу және кылмыстық істін мән-жайла- рын зерттеу мақсатында тергеушінің кез келген объектілерді тікелей кабылдауы мен зерттеуінен тұратын тергеу әрекеті. Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша қарау - қылмыс ізін, өзге материалдык объектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін ма- ңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында тергеуші, ал ол жоқ болған жағдайда аныктаушы немесе қылмыс туралы арыз немесе хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары кызметкері жерді, үй-жайларды, заттарды, кұжаттарды, көзі тірі адамдарды, мәйіттерді, жануарларды тексеру әрекеті. Криминалистикалық оқулыкта тергеу қарауының келесідей максаттары көрсетілген: - тергеушінің жеке объектіні, объектілердің жиынтығы не месе кешенін тікелей зерттеу; — окиғаның, қылмыстың механизмі, жері орны, қылмыс- кердің және жәбірленушінін жеке басы және де қылмыстык іс бойынша аныктауға жататын өзге де мән-жайлар туралы типтік, 247
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==