Криминалистика
кылмыс осы органдарға белгілі болған кезеңнен, тіпті іс коз- ғалмай тұрып-ак қалыптасады. Мұндай жағдайда жедел-іздестіру органдары іс қозғауға негіз бола алатын фактілерді, мәліметгерді жинап,онытергеушігебереді. Бұл мәліметтертергеушінің кыл- мысты қозғау кезеңінде дұрыс шешім кабылдауына көмектеседі. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жедел топ кұрылып, оған тергеуші және кылмыстың түріне байланысты бірнеше жедел- іздестіру органдарының қызметкерлері кірсді. Жедел топка кірген тергеуші және жедел-іздестіру органдарының қызмет- керлері жалпы тсргеу жоспарын жасап, онда көрсетілген іс- әрекеттерді нактылы кім орындайтынын көрсетеді. Кей жағдай- да тергеуші өз алдына жоспар жасап, жедел-іздестіру органда- рының қызметкерлері өзінше жоспар жасаулары мүмкін. Мұндай жағдайда жедел топтың кеңесінде екі жоспарда көрсе- тілген іс-әрекетгер салыстырылып, екі жоспарға да белгілі бір дәрежеде өзгерістер енгізілуі керек. Аныктама жүргізуші орган- дар жедел -іздестіру жұмысын өткізгенде алынған мәліметгерді дереу тергеушіге хабарлап отыруы тиіс. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде алынған дәлелдеме фактілерді тергеуші аныктама жүргізуші органдардын кызметкерлеріне хабарлап отыруы кажет. Бір-біріне осындай мәлімет беріп, іскерлік қарым-каты- наста болғанда ғана тергеу дүрыс бағыт алып, жедел топтын жүмысы нәтижелі аякталып, қылмыс дер кезінде ашылады. Мұны осы екі орган да өз-өзімен жеке жүмыс жасайды деген мағынада түсінбеу керек. Бір тергеу әрекетін бірігіп өткізетін де жағдай болады. Айталық, окиға болған жерді карау үстінде тергеуші оқиға болған жерді қарап жатканда, аныктама жүргізуші органдардың қызметкерлері кылмыскердің кім екенін аныктап, оны үстауға, осы болған кылмысты көрген адамдарды табуға және баска да қылмыстың мән-жайы жөніндегі мәлімет- терді біліп, аныктауға бағытгалған жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Жедел топка кіретін жедел-іздестіру органының кызметкерлеріне тергеуші кейбір жеңіл тергеу әрекетін өзі жеке өткізуді де жүктеуі мүмкін. Сонымен, тергеуші мен жедел- іздестіру органдарының тергеу үстіндегі тұракты қарым-қаты- насы жедел топты, сондай-ақ, жалпы тергеу жоспарын құру- мен және кейбір тергеу әрекеттерін бірігіп өткізумен сипатта- лады. Тергеу үстінде осындай түракты қатынаспен бірге, көбінесе жоніл кылмыстарды тергегенде, эпизодтық, былайша айтқанда, 246
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==