Криминалистика

ліктерін толық пайдаланған жағдайда ғана тергеуші тергеп отыр- ған қылмысты дер кезінде аша алады. Тергеуші мен жедел- іздестіру органдарының бірлесіп істеуі арқылы қылмысты тез арада ашуға, қылмыскерді дер кезінде ұстауға, керекті айғақ- тарды толык жинап алуға болады. Қандай қылмысты тергеген- де болсын бұл екі органның алдында тұрған тағы бір міндет — ол қылмыстың алдын алу, қылмысқа әкелетін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жоюға арнайы жедел шаралар қолдану. Осындай ортақ міндеттері бар екі органның бір тергеу комитетінде шоғырлануы, атап айтканда, бір мекеме шеңберінде болуы олардың қылмысқа қарсы күрес саласындағы үйымдық тактикалық жұмыстарын, әрине сөзсіз арттырады. Сонымен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың тер ­ геу үстінде қалыптасатын қарым-қатынасының түсінігі - қыл- мыстық істі тергегенде бір-біріне әкімшілік түрғыдан тәуелсіз тергеу жане жедел-іздестіру органдарының қылмысты ашуга, оны сапалы тергеуге, қылмыстың алдын алуға бірлесіп, іскерлікпен істейтін жүмыстары. Бірақ максаттары мен міңдеттері бірдей, ортақ болғанмен аталған органдардың кызметтерінде өзіндік ерекшеліктер бар. Бүдан бұрынғы жедел-іздестіру жүмыстары жөнінде занда өте қысқа, мәлімдеме есебінде ғана айтылған болатын. Казір арнайы жедел-іздестіру жұмыстары жөніндегі заң қабылдангандыктан бүл органның өкілетгігі заң жүзінде толык бекітіліп көрсетілген. Заңға байланысты жедел-іздестіру органдарына жоғарыда айтылған жалпы міндеттермен қатар өзіне нақтылы жүктелетін міндеттері де бар. Оның ішінде негізгісі — қылмыстың белгілерін, іздерін тауып, оған катысқан кылмыскерлерді аныктап, оларды дер кезінде ұстау. Бұл өзінің алдына заң жүзінде койылған міндетгерді анықтама жүргізуші органдар өзінің өкілетгігіне тән әдістермен, тәсілдермен жедел- іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап орындайды. Тергеуші істің кейбір мән-жайларын анықтау жөнінде бұл органдарға нұсқау бере отырып оны қандай әдістермен, қандай жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы шешетіндігіне араласып кіріспейді. Тергеуші мен анықтама жүргізуші оргаңдардың арасында екі түрлі қарым-қатынас калыптасуы мүмкін: түрақты және бір жолғы. Түрақты катынас жағдайында тергеуші мен жедел- іздестіру органдарының қызметкерлері бір істі басынан аяғына дейін бірлесіп, бір жедел топ қүрып тергейді. Карым-қатынас 245

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==