Криминалистика

тылды. Соңдықтан тергеу ситуациясы деген криминалистика- лық санаттың ұғымына, түсінігіне токталайық. Тергеу ситуация ­ сы дегеніміз — тергеудің белгілі бір кезеңінде айғақты мәлімет- тердің, дәлелдемелердің көлеміне және ерекшелігіне, істің мән- жайын аныктау мүмкіндігіне байланысты калыптасатын жағ- дай. Тергеу әрекеттерін жүргізудің кейбір ережелері қылмыс- тық іс жүргізу заңында көрсетілген, сондықтан оларды такти ­ калык әдістер деп санауға болмайды. Осыған байланысты айта кететін бір жағдай, ол занда көрсетілген ережелердің көбі тер ­ геу тәжірибесінде пайда болып, алғашқыда тактикалық әдіс есебінде қолданылғандығы. Тіпті, кейбір тергеу әрекеттерінің өзі де басында тергеу үстінде тактикалык әдіс есебінде пайда- ланылған. Атап айтканда: объектілерді тану үшін көрссту, ай- ғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нактылау деген тер ­ геу әрекеттері алғашқыда тергеу тәжірибесінде жауап алудын тактикалық әдіс есебінде пайдаланылған. Кейіннен ғана заң жүзінде бекітіліп, тергеу әрекеті есебінде жүргізілетін болды. Міне, осыған байланысты қазіргі жағдайда тергеу тәсілі есебінде колданылып жүрген кейбір тәсілдер кейінгі мезгілде, заң жүзінде бекітілген жағдайда, олар заңталабы, процессуальдық ереже есебінде қолданылуы мүмкін. Әр тактикалык әдістің ма- ғынасын талдасақ, оның түсінігі, табиғи негізі қай ғылымның түріне, қандай ғылыми қағидаға негізделгендігімен сипаттала- ды. Тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде қолданылатын тәсіл- дердің көбі логика, психология, педагогика, сңбекті ғылыми жолмен үйымдастыру және басқа да ғылымдардын қағидала- рына негізделеді. Айтылған ғылыми салалардың кағидалары тергеуге, атап айтканда, тергеу әрекегін жүргізуге бейімделіп, модификацияланған. Белгілі бір ғылымның қағидалары пайда- ланылғандьіқтан, бұл әдістер — логикалық, психологиялық, пе- дагогикалық тактикалык әдістер деп аталады. Өзінің шешегін тактикалық міндетіне байланысты тактикалык тәсілдер: таным- дық, басқарушы, үйымдык-техникалықдеп үш түрге бөлінеді. Тергеп жатқан кылмысты ашуға керекті, былайша айтканда, криминалистикалык, дәлелдемелі акпараттарды алуға бағытта- лған және осы үшін колданылатын әдіс-айлаларды танымдык, тактикалык, әдістер дейміз. Тергеу әрекетін жүргізу барысын дұрыс баскарып отыруға, онын нәтижелілігін арттыру үшін тиімді әдістерді колдануға бағытталған тәсілдерді баск,арушы тактикалык, әдістер дейді. 242

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==