Криминалистика
Криминалистикалык тактика бөліміне тергеу әрекетін жүр- гізгенде колданылатын тәсілдермен бірге, тергеуді жоспарлау, тергеу устінде тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының ара- сында қалыптасатын қарым-қатынастардың турлері, тактика- лык, операция, тергеу ситуациясы деген сұрактар да кіреді. Криминалистикалык тактиканың ең бір негізгі, түйінді сұрақтарының бірі - ол тактикалык әдіс. Жоғарыда айтқандай, тергеушінің тергеу әрекеттерін жүр- гізгенде алдына қоятын негізгі мақсаты — тергеуді жүргізу арқы- лы неғүрлым көп және кұнды дәлелдемелер жинау, тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыру. Қойылған мақсатқа жету үшін эр тергеу әрекетін жүргізгенде тергеуші нақтылы туын- дап тұрған тергеу ситуациясына орай қолайлы, тиімді әдістер, заңға сыйымды айла-әрекеттср қолдану аркылы объективті және толық дәлелдемелер алуға тырысуы керек. Міне, осындай тер геу әрекетін жүргізгенде колданылатын әдіс-айланы тактика лык, әдіс дейміз. Әрине, акылға салмайтындай кез келген әдістерді колдана беруге болмайды. Сондықтан колданатын так тикалык әдістер белгілі бір талаптарға сай болуы керек. Такти калык әдістерге қойылатын негізгі талап - оның заңға қайшы келмеуі, жеке адамның не занды тұлғалардың құқығын бұзбауы және жалпы моральдық, этикалық қағидаларға сай болуы. Тактикалык әдіске қойылатын талаптардың тағы бірі — так тикалык әдістің объективтігінің ғылыми тұрғыдан дәлелден- гендігі, оның ғылымның бір саласына немесе логика, психоло гия, педагогика т.б. ғылымдардың белгілі бір қағидаларына негізделуі (тактикалык әдістің ғылымилық қағидасы). Осы ай- тылғанды тұжырымдайтын болсак, тактикалык әдіс дегеніміз ол - заңға, этикалык талаптарға қайшы келмейтін, белгілі си- туациялык жағдайда, тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыру үшін тергеушінің колданатын арнайы айла-әдістері. Тергеу әрекетінің шеңберінде колданылатын тактикалык әдістердін бірнеше түрі болады. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде туында- ған ситуациялық жағдайға байланысты тиімді және ыңғайлы әдіс колданылады. Кей жағдайда бір тергеу әрекетін жүргізгенде, бір сұрақты анықтауға тактикалыктәсілдсрдіңбірнеше түрі арнайы кезекпен колданылады. Муны криминалистикада тергеу әрекетін жүргізу үстінде колданылатын тактикалык комбина ция дейді. Тактикалык әдістердің, олардың комбинациясының колда- нылуы тергеу ситуациясына байланысты скендігі жоғарыда ай- 16-846 241
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==