Криминалистика
бөлігін шығару үшін папиллярлы өрнектердің түріне, типіне байланысты тиісті әр түрлі сандык белгілері беріледі. Доға тәріздес өрнектер - 1; радиалды ілмек тәріздес өрнек- тер — 2; ульнарлы ілмек тәріздес өрнекте, егер дельтаның тар- мақтарының екі жакка бөлінуі мен өрнектің ортасы арасындағы сызықтар саны 1-ден 9-ға дейін болса — 3; сызыктар саны 10-нан 13-кедейінболса-4; 14-тен 16-ғадейінболса-5; 17-денжоға- ры болса - 6; шенберлі өрнекте дельталардың ішкі орналасуы (сол дельтаның төменгі тармакшасы оң дельтаның төменгі тар- мақшасынан жоғары орналасып, арасында екеуден көбірек сы- зыктары болады) кезінде - 7; дельталардың орташа орналасуы (дельталардың төменгі тармакшалары бір сызықтың бойында жатса немесе екеуінің арасында бір немесе екі сызық орналас- са) кезінде - 8; дельталардың сыртқы орналасуы (сол дельта- ның төменгі тармақшасы оң дельтаның төменгі тармакшасы- нан төменірек орналасып, арасында екеуден көбірек сызықта- ры болады) кезінде - 9; Қосымша формуланы есептеп шыға- руға мысал келтірсек: оң қолдағы бас бармактың өрнегі - доға тәріздес (1); сұк кол — сызыктар саны 15 ульнарлы ілмек тәріздес өрнек (5); ортаңғы саусак - дельталары сырткы орналаскан шеңберлі өрнек (9); төртінші саусақ - радиалды ілмек тәріздес өрнек (2); шынашағында — сызыктар саны 19 ульнарлы ілмек тәріздес өрнек (6). Сонда бөлшектің алымы 15926 сандарынан тұрады. Осындай жолмен сол кол бойынша бөлшектің бөлімін есептеп шығарамыз. Дактилоскопиялық формула әр адамға тиесілі жеке түрде болмай, тек кана карталар арасынан белгілі бір карталар тобын бөліп алуға мүмкіндік береді. Осы топ ішінен тексерілетін адам- ның өрнектерін салыстыра отырып табуға болады. Қылмысты жасалу тәсілі бойынша тіркеу. Тіркеудің бүл түрі өзара байланысқан екі картотека аркылы жүргізіледі. Бірінші- сінде белгісіз түлғалармен жасалған кылмыстардың, ал екінші- сінде жеке басы аныкталынбаған тұлғалармен жасалынған кыл- мыстардың жасалу тәсілдері сипатталады. Тіркеу карточкала- ры жүйеленіп, есепке алынатын белгілері бойынша кезектілікті сақтай отырып картотекада орналастырылады. Алдымен кыл- мыстың түріне карай топтарға бөлінеді, ал әр топтың ішінде оқиға болған жерге (мысалы: қоймада, дүкенде, пәтерде жасал- ған ұрлык), қылмыскердің кодданған техникалык кұралдары- ның сипатына, жасалған әрекеггердің ерекшеліктеріне және т.б. байланысты шағын топтарға іріктелінеді. 235
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==