Криминалистика

калуы бірден байқалса дактилоскпияға түсірмес бұрын колдың сіңірін кесу жұмыстары сот-медициналықмаманына жүктеледі. Сондай-ақ үзақ уақыт суда жатып қалған немесе мумификация- ланған (кеуіп қалған) мәйітгерді дактилоскопиялау сот-меди- циналык мамандарына тапсырылады. Дактилокарталар бслгілі бір тәртіппен реттеледі: он саусақ, бес саусақ және бір саусақ (монодактилоскопиялық) жүйесі бойынша. Дактилокарталарда осы аталған саусактар бойынша бәрінің немесе әр кайсысынын. жеке-жеке белгілері туралы мәліметтер тіркеледі. Он саусақ жүйесі бойынша айыпкерлер, үсталған тұлғалар, сотталушылар тіркеуге алынады. Дактилокарталарды жүйелеу қол саусақтарынын папилляр- лы өрнектерін топтастыруға негізделеді. Папиллярлы орнектер үш түрге бөлінеді: 1) дога тәріздес; 2) ілмек тәріздес; 3) шеңбер тәріздес (шеңберлі). Дога тәріздес өрнекте папиллярлы сызыктар саусактың бір жақ шетінен екінші жағына қарай бағытталып жүріп доға тәріздес сурстінен гұрады, орталық ағымның папиллярлы сы- зықтары бір жақтан басталып ортаға келгенде көтеріледі және саусақтың екінші жағынан аяқталады. Дога тәріздес өрнекте дельта болмайды. Доға тәріздес өрнектің пирамида тәріздес (шүғыл (кілт) иілген сызықтардан түратын) және шатыр тәріздес бірнеше түрлері болуы мүмкін, яғни орталығында тік немесе еңкіш сызықтары бар пирамида тәріздес өрнектер. Ілмек тәріздес өрнекте ішкі суреттің сызыктары әдетте сау- сақтың бір жақ төменгі жағынан басталып, жоғарыға және ор- талыкқа қарай бағытталады, ортаға келгенде бірден иіліп барып ілмек жасайды және сол келген бағытына карай қайтадан қай- тады. Папиллярлы сызықтың иілген бөлігі (жері) ілмектің басы, ал калган бөлігі ілмектің аяғы деп аталады. Ілмек басының ор- талык нүктссі ілмекгің ұшы деп аталады. Ілмек тәріздес өрнекте көбінде бір дельта болады. Ол базистік (өрнектің негізінде орналасқан) және перифериялыксызықтар- дын. (ілмекті жоғарғы және томен жағынан иіп тұратын сызык- тар) бір-біріне жакындап тоғысатын жерінде орналасады. Ілмек тәріздес өрнектің типіне жатқызу үшін орталык ағымда толық ілмек кұрайтын кемінде бір сызықтың болуы жеткілікті. Ішкі суретінің кұрылыс ерекшеліктеріне байланысты ілмек тәріздес өрнектердін бірнеше түрлері бар. Олар: тік сызықты, көлденең, 233

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==