Криминалистика
бір бөлігін криминалистикалык, ал бір бөлігін жедел-анықта- малық тіркеуге жатқызамыз. Анықтамалық-камекші тіркеуге: қылмыстык окиға мен тер- геуге себепті байланысы жоқ объектілер жатады; ал тіркемелік белгілері көріп қабылдау аркылы, болмаса арнайы зерттеулер жүргізу көмегімен анықталады. Бұл тіркеудің түрі сараптама- лық мекемелерде жүргізіледі. Әкімшілік деңгейіне байланысты тіркеу жергілікті, аймак- тык және орталык (центральный) болып бөлінеді. Жергілікті тіркеуді — Ішкі істер министрлігінің аудандық бөлімдерінің криминалистикалык бөлімшелері жүргізеді. Аймақтық тіркеуді — қалалық және облыстық ішкі істер бөлімдерінің криминалистикалык бөлімшелері және құқыктық статистика және арнайы тіркеу комитеті жүзеге асырады. Орталық тіркеуді — Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Бас прокуратуранын кұкықтык статистика және арнайы тіркеу комитеті жүзеге асырады. Бұлардың көпшілігі жергілікті орталықтандырьиіған болып табылады және де көрсетілген барлық деңгейді камтамасыз етеді. §3. Криминалистикалык тіркеудің объектілері мен мақсаттары Криминалистикалык тіркеуге келесідей объектілер алына- ды: белгісіз кылмыскерлер - жазадан бас тартып тергеуден не- месе соттан бой тасалап жүрген; камауға алынған айыпкерлер; кайыртілеу мен боскындап жүруіне байланысты ұсталған түлға- лар; кылмыс жасаған, бірак коғамдық ыкпал немесе жағдайдың өзгеруі бойынша шаралар қолдануға байланысты қылмыстық жазадан босатылған тұлғалар; сотгалған адамдар; хабар-ошар- сыз кеткен тұлғалар; өзі жөнінде мәліметтер беруге жағдайы жоқ, балалар және қартгар үйіндегі, емдеу мекемелеріндегі нау- қас адамдар; танылмаған мәйітгер, кылмыс салдарынан және аяк асты кайтыс болған тұлғалар; ұрланған, жоғалған, алынған және өз еркімен өткізілген атыс карулары; ашылмаған қылмыс- тык істер бойынша оқиға болған жерден табылған қару-жарақ- тар, патрондар, оқтар, бытыралар, гильзалар; үрланған және іздестірілмеген, сондай-ақ ұсталған тұлғалардан алынған зат- тар; қылмыспен байланысты нөмірленген затгар (фотоаппарат- тар, бейнекамералар, сағаттар, ұялы телефондар және т.б.); 228
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==