Криминалистика

куратураның жеке бұйрыктары және инструкцияларымен белгіленеді. Жеке тұлғаларды тіркеуге төмендегілер жатады: • камауға алу сияқты шараларды қолдану туралы, сондай-ак айыпкер ретінде кылмыстык іске тартуға байланысты проку- рордың, тергеушінің немесе анықтама жүргізушінің шығарған қаулылары; • соттың үкімі немесе шешімі; • тұлғаларды іздестіруді жариялауға байланысты шығарылғ- ан қаулылар; • сезіктіні үстау хаттамасы. Тергеу әрекетінің хаттамалары қылмыстық оқиғамен байла ­ нысты баска да объектілерді тіркеудің занды негізінің біріне жатады. §2. Криминалистикалық тіркеудің түрлері Алынып отырған объсктілердің ерекшелігі мен оларды тіркеу кезінде сипаттайтын белгілеріне байланысты — тіркеу: «жедел- анықтамалық, жедел-іздестірудегі» — деп бөлінеді. Осы түрлер- дің барлығын криминалистикалық деп атауға болады. Жедел-анықтамалык, тіркеуге — адамдардың, заттар мен бұйымдардың белгілерін көру арқылы қабылдап бекітуді жат- қызамыз. Мысалы, бейне және дыбысжазба аппаратуралары, шығарылған уақыты, орны, қай заводта дайындалғандығы көрсетілген нөмірі мен белгісі бар сағаттар және сол сияқты басқа да бүйымдар. Мұндай тіркеу объектілерінің белгілеріне тергеушілер мен жсдел орган қызметкерлері сипаттама береді (объектілердің ақпараттык белгілерін арнайы зертгеу немесе сараптама жүргізу жолымен анықталған кездегі криминалис- тикалықтіркеуді коспағанда). Жедел-іздестірудегі кейбір тіркеу объектілері әр түрлі кате- гориядағы заттар мен тұлғаларды іздестіру мәселесін арнайы қамтамасыз ету максатындағы криминалистикалык тіркеуге де қатысты болып табылуы мүмкін. Осы объектілер кылмысты тер ­ геу мен ашуға ерекше қызмет көрсетеді. Бүл жерде тергеуден және соттан бой тасалап жүрген түлғалар мен хабар-ошарсыз кеткен адамдар, танылмаған мәйіттер; нөмірленген заттар және т.б. осы сияқты объектілер жөнінде сөз болып отыр. Жоғарыда көрсетілген әр түрлі белгілеріне байланысты бұл объектілердің 227

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==