Криминалистика

6. Жедел-іздестіру тәжірибелерінде кейбір жағдайларда адам- дардын бас-сүйегін калпына келтіру қажеттілігі туындайды («портретті мүсіндік калпына келтіру» — деп аталады). Бұл әдісті профессор М.И. Герасимов ғылымға енгізген. 7. Портретті идентификация. Фотосурет аркылы адамның бет-әлпеті бойынша идентификациялауға болады. Мысалы, жеке басы аныкталмаған мәйітті идентификациялау үшін онын тірі кезіндегі түсірілген фотосуреттері мен мәйітті тануға түсірілгеи фотосуреттері колданылады. Осы суреттер бірдей жағдайда орындалуы тиіс. Мұндай әдіспен жасалған мүсіндік портрет хабар-ошарсыз кеткен адамның тірі кезінде түскен фотосуретіндегі сырткы бейне белгілерімен немесе «ауызша суреттелген» бейне белгілерімен салыстырылады. Бірақ, құрас- тырылған мүсіндік портрет сараптама объектісі бола алмайды. Себебі, оны құрастыру барысында адамның бас-сүйегі негізінде адам бетіндегі топографты-анатомиялық (антропометриялық) деп аталатын нүктелерді нақты калпына келтіру мүмкін емес. IX т а р а у КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТІРКЕУ §1. Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, мазмүны және қүкықтық негіздері Кылмыспен күрес жүргізу мақсатында біздің дәуірімізге дейін де тіркеу әдістері қолданылған. Әдетте мынандай екі түрлі әдіс колданылды: таңбалау және мертіктіру, яғни тану мен жа- залауды катарынан жүзеге асыру (б.д.д. II ғасырдағы ежелгі үнді «Ману заңы» және ежелгі Вавилонның Хаммурапи заңы). Кылмыскердің жасаған қылмысы бойынша жазалау, олардың денесіндегі мертіккен жерлерін ғана сипатгап қоймай, сонымен қатар қанша кылмыс жасағандығын да айқын әшкерелеп корсететіндей етіп таңбаланды. Таңбалау кезінде шартты белгілерді, әріптерді немесе толық бір сөзді адамның бетіне, болмаса денесінің басқа белшегіне күйдіріп түсірді. Таңбалау кылмыскерлерді ұстауға біршама көмегін тигізді, бірақ оның кайда, кашан және не үшін жазаланғандығын, сондай-ақ таң- басы аркылы оның жеке басын анықтауға мүмкіндіктер болма- ды. Англия мен Франнияда «Идентификациялықсалтанаттар» — 15-846 225

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==