Криминалистика

жеке-жеке бейнелейтін фотосуреттердің өр түрлі варианттары ұсынылады. Сонымен катар, қосымша белгілері: бас киімі, көзілдірігі, галстугі және т.б. заттарының ерекшелігі осы тәсіл аркылы анықталынады. Тандап алу нәтижесінде құрастырыл- ған портрет соңғы рет жауап алынушыға көрсетіліп, соттап бой тасалап жүрген қылмыскерлерді табу үшін сәйкес іздестіру жүргізетін органдарға жіберіледі. Жауап алушы тұлға іздестіріліп отырған адамның сырткы бейнесіне неғұрлым сәйкес келетін вариантын тандап алады. Ал оның бас киіміне, киімдері, көзілдірік, жейдесі және тағы бас ­ ка да сол сияқты заттарына катысты мәселелер осындай жол- мен жүзеге асырылады. Мұндай заттардың фотосуреттері не- месе суреттері жауап алушыға бірнеше вариантта көрсетіледі. Заттардың немесе тұлғалардың фотосуреттерінің немесе суреттерінің әр түрлі бөлшектері ғана болған жағдайларда, олар- дың кешенді портретін алу мақсатында фотосурет кұрастыры- лады. Кұрастырылып болғаннан кейін портрет жауап алынатын тұлғаға көрсетіледі. Кажет болған жағдайда жауап алынатын тұлғаның ескертулері бойынша портретке тиісті түзетулер жа- салады. Түпкілікті жасалып болған портрет іздестіруде жүрген қылмыскерлерді табу үшін пайдалануға тиісті органдарға жіберіледі. Жауап алу кезінде «ауызша суреттеу» - әдістемесін қолда- ну аркылы іздестіріліп отырған тұлғаның сыртқы бейнесінің белгілерін барынша толығырақ әрі дүрыс ала аламыз. Әдетте жауап алынатын адам қылмыскерлерді бірнеше рет көрген жағ- дайдың өзінде де, оның сырткы бейнесін жалпылама сипатгай- ды. Көбінде қылмыскердіңбойы, жалпы дене бітімі, шашының түсі, киімінің белгілері және баска да «ерекше белгілері» ғана айтылады. Жауап алу кезінде тергеуші «ауызша суреттеу» әдістемесін кылмыскердің сырткы бейне белгілерін түпкілікті әрі нақты сипаттауы үшін кодданады, оныңмақсаты жауап алынушы адам- нын ойында калған бейнені детальды түрде жеке-жеке ойына түсіру. Жауап алу барысында жетектеуші сұрактар қоюға бол- майды. Адамның кабылдауына байланысты психологиялық заң- дылықты ескеру қажет. Мұндай жағдайда «ауызша суреттеу» — терминологиясын пайдаланған тиімді. Бірак кейбір жағдайлар- да жауап алынатын адам терминологиялық сөздерді түсінбеуі мүмкін, бұл кезде суреттеу барысында арнайы терминдерді кол- 222

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==