Криминалистика

тәртіп бойынша жәбірленушілер мен көзімен көрген — куәлар- дың берген көрсетпелеріне байланысты, сондай-ак кылмыстың жасалу жағдайын талдау нәтижесінде алынған деректер аркы- лы құрылады. Окиға болған жерден табылған іздер мен басқа да заттай дәлелдемелерді зерттеу аркылы кылмыскердің сырткы бейнесі және оның физикалык ерекшеліктері жөнінде қажетті мәліметтер алуға болады. Бұл жерде табылған аяқтың ізі, яғни «іздін жолы», колдың, тістің, бұзу күралдарының іздері және басқа да іздер мен заттардың іздері маңыздырак болады. Осы іздер арқылы шамамен қылмыскердін бойын, жасын, дене бітімін, физикалык кемшіліктсрін аныктауға болады. Идентификациялық мақсатта пайдаланатын тіркеу картала- рына танылмаған мәйіттер мен хабар-ошарсыз кеткен адамдар- ды тіркеу барысында олардың сырткы бейне белгілері барынша накты суреттеліп жазылуы кажет. Камауда отырған адамдарды тіркеу кезінде адамның сыртқы бейне белгілері «ауызша суреттеу» тәртібі бойынша суретгеледі. Бүл суреттеу әдісі тану үшін қолданатын фотобейнемен катар, қылмыс жасаған адамдарды аты-жөні (алфавит) бойынша тіркеуге аса маңызды қосымша болып табылады. «Ауызша суреттеу» әдісі белгілі деңгейде сигналитикалық фотосурет ережелерімен анықталады. Онда қойылатын талап- тар: адамды бетпе-бет және қырынан суретке түсірген кезде: ол басын тік ұстап, мандайы ашык, кұлак калканы толығымен көрініп түратындай фотосурет анық түсірілуі шарт. Бұл алды- нан және қырынан түсірілген фототүсірімдері адамды фотосу ­ рет бойынша тануға корсету кезінде «ауызша суреттеу» әдістемесін қолдануға бағытталып, суретгегі белгілер мен «ауыз ­ ша суреттеу» аркылы алынған белгілерді тендестіруге косымша мүмкіндік береді. Құрамалы «фоторобот», «изоробот» әдісін өндеу және қол- дану кезінде де «ауызша суреттеу» әдісі колданылады. Тәжірибеде жауап алынушыдан адамнын сырткы бейнесін дүрыс сипаттауды жеңілдету максатында, бет-әлпеті белгілерінің бірнеше ұқсас варианттары фотосурет немесе сурет түрінде көрсетіледі. Бұл психологиялық зандылық пен «ауызша сурет ­ теу» әдістемесі бірлесіп кұрастырылған суреттеу әдісінің негізі болып табылады. Жауап алынушыға көрген адамының портретін кұру үшін басы, мандайы, көзі, мұрыны, еріні, иегі, күлақ кал ­ каны, мойыны, иығы және т.б. дене күрылысының бөлшектерін 221

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==