Криминалистика

3. Нақты іздеген тулғаны баска адамдар арасынан ажыратуға мүмкіндік беретін сырткы белгілердің барынша ерекшеленген бслгілерін іріктей білу қажет. Адамды сырткы бейне белгісі бойынша идентификациялау әр түрлі формада жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл термин тану процесінде колданылады. Ол қылмыстык іс жүргізу заңынын талаптарына сәйкес жүргізіліп, оның корытындысы қылмыс- тық іс бойынша дәлелдеме ретінде колданылуы мүмкін. Тендестірудің екінші формасы — адамды сырткы бейнесі бой ­ ынша сараптық идентификациялау. Үшінші формасы - адам ­ ды жедел-іздестіру максатында тану үшін көрсету. §4. Тергеу мен жедел-іздестіру тәжірибесінде «ауызша суреттеуді» қолдану Ауызша суреттеу әдістемесі тергеу, жедел-іздесгіру және сараптама жүргізу тәжірибесінде кеңінен қолданылады. Оны негізінен тергеушілер мен жедел-іздестіру қызметкерлері иден- тификациялык және қылмыстықтіркеу максатында қолданып, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіруге, танылмаған мәйітті тануға көрсетуге, сонымен катар сезікті, айыпкер, куә мен жәбірленушінің және сотган бой тасалап жүрген қылмыс- кердің жеке басын аныктау кезінде «ауызша суреттеу» әдісте- месін басшылыкка алады. «Ауызша суреттеу» әдістемесі кылмыскерлер мен хабар- ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру барысында, іздестіру та ­ лаптарына сәйкес, олардың сырткы бейне белгілерін агап айт- қанда: «ерекше белгілері» мен «көзге бірден түсетін белгілерін» нақты сипаттау және адам бейнесін ескетүсіру, есте жақсы сақ- тап калу үшін қолданылады. Іздестіруге қажетті белгілердің (сақал, мұрт, киім және т.б.) аз уақыт ішінде (жылдам арада) өзгеріп кету мүмкіндігіне бай- ланысты «ауызша суреттеу» әдістемесін колдана отырып, же- дел-іздестіру шараларын жүргізу қажет. Іздеуде жүрген адам- ның сырткы бейне белгілері жайындағы мәліметтердің қайнар көзі — қылмыстык тіркеу мен архив материалдарынан, жеке күжаттардан, оларды жеке бақылау, окиға болған жерді карау арқылы, сондай-ақ жауап алу кезінде алынған деректер мен фотосуреттерден алынуы мүмкін. Жеке басы анықталмаған қылмыстық жазадан бой тасалап жүрген кылмыскерлерді «ауызша суреттеу» — қалыптасқан t 220

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==