Криминалистика
рет қылмыскерлерді ғана емес, сонымен катар хабар-ошарсыз кеткен тұлғаларды іздестіру үшін де қолданылады. Егер мәйіттабылып ол танылмаған кезде, оған аддымен әрлеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті кұжаттарға «ауызша суреттеу» ережелері бойынша бейнесі сипатталып жазылады және тануға көрсету үшін суретке түсіріледі. Бірақ кейде мәйіт катты өзгеріскс ұшыраған (шіріп кеткен немесе әрлеп қалпына келтіруге мүлде болмайтындай) жағдайлар кездеседі. Мұндай жағдайда адамның бейнесі профессор М.М. Герасимовтың әдістерін қолдана отырып, оның бас-сүйегі бойынша калпына келтірілуі мүмкін. Бас сүйегі бойынша адамның жынысы, жасы, бойы (бастың биіктігі адамның бойына карағанда 8 есе қысқа болады), кай нәсілге жататындығы және баска да белгілері, мысалы: егер сифилиспен, остеомилитпен ауырса оның белгі- лері анықталады. Адамды үстамас бұрын ол іздестіріліп отыр- ған нақты сол түлға ма соны аныктап алу қажет. Ол үшін оның сырткы бейнесінің элементтерін «ауызша суреттеу» әдісі бо йынша кылмыстыкіс материалдарындағы мәліметтермен салыс- тырып, кылмыстык іс жүргізу заң талаптарына сәйкес тану әрекеті жүргізіледі. Адамның сыртқы бейне белгілері жөніндегі мәліметтердің қайнар көзіне куә мен жәбірленушілердің көрсетулері, оқиға болған жерді карау нәтижелері, фотобейнелер, субъективті пор- треттер мен мәйіт кана емес, сонымен катар кейбір эндокриндік және т.б. аурулар да жатуы мүмкін. Темекі шегушілердің жақ- тарының төменгі бөлігінің өзгеріске ұшырауынан, олардың темекіні ауыр мүштік колданып шеккендіктері байқалады. Шыны үрлеуші мен кернейшілер тістерінің ерекше закымдан- ғандығын байкауға болады. Бас сүйек бойынша, сондай-ақ суреті салынған портрет жа- салуы мүмкін. Егер мәйіттің өмір сүрген кездегі суреті болса, сол суретпен бас сүйекті салыстыра отырып, «бас-сүйек» - су ретке түсірілген адамға катыстылығы жөнінде накты қорытын- дыға келуге болады. Ауызша суреттеуді тәжірибеде дұрыс әрі нәтижелі қолдану үшін міндетті түрде: 1. Адамның басының, бетінің және денесінің жеке бөлшек- терінің, сондай-аккиімінің, аяккиімінің, күнделікті өзімен бірге алып жүретін заттарының дүрыс атауын білу; 2. Адамды сырткы бейне белгілері бойынша ауызша сурет теу жүйесіне сәйкес сипаттау тәртібі мен кезектілігін сактау; 219 I
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==