Криминалистика

буындардың болмауы, саусактың қисык болуы және бүгілмеуі, буындардың жуандығы, тырнақтардың формасы мен көлемі, кәсібіне байланысты колдың ойылуы мен тыртык іздерінің бо ­ луы көрсетіледі. В. Функционалдық (динамикалык) белгілер. Денебітімі. Ол әр түрлі болуы мүмкін (дененің, бастың және колдың қалыпты жағдайы). Дененің орналасуы бойыншадене бітімі еркін, ширак және бос болады. Дене бітімін колдың калыпты жағдайы да сипаттайды: біреулер колын калтасында ұстауды әдет кылады, кейбіреулер бүйірін таянып жүреді, қолын бос ұстайды, қолын артына және алдына ұстап жүреді, сондай- ақ, киімнің төменгі жак ұшын үстап жүретіндер де кездеседі және т.б. Жүріс-турысы. Жүріс-түрыс адамның жүру кезіндегі әдеттегі қимылының ерекшелігін білдіреді; жай, тез, жеңіл, ауыр, нық, кисаландап және теңселіп жүретін, секіріп жүретін: адымның ені мен үзындығы бойынша үлкен және кіші, өкше бұрылысы- нын үлкен және кіші болуы, колды сілтіп немесе сілтімей жүруі мүмкін. Аксау кезінде кай аяғына қарай және каншалықты қатты аксандайтындығы көрсетіледі. Оның таяқты, балдақты, имек таяқты пайдалану немесе пайдаланбауы көрсетіледі. Жулқынып сөйлеу. Сөйлеумен бірге жүретін іс-қималдар жи- ынтығын білдіреді. Ол негізінен сөзді мәнерлеуді күшейту мақсатында жасайтын қолдың кимылдары мен, сөйлесу кезінде адамның басының немесе барлық денесінің әдеттегі қалыптас- кан іс-кимылымен сипатталады. Ым. Бетбұлшык-етініңәдетгегі кимылы. Өтедамыған және керісінше дамымаған болуы мүмкін. «Ауызша суреттеудегі» ымдау ерекшелігі накты көрсетіледі: мысалы, қабағын түю, маң- дайын тыжырайту, ернін тістеуі, ауызын қисайту, көзін жұму, кабағының астымен карау және т.б. Дауыс. Ырғағы бойынша, күші, ашықтығы, жоғарғылығы бойынша ерекшеленеді. Сөйлеу мәнері. Сипаттау кезінде оның келесідей ерекшелігі көрсетіледі: жәй, жылдам, қалыпты, козып, бөліп-бөліп сөйлеу, накты, анық немесе анык емес, сөйлеу кемістігі (кекештеніп, сақауланып және т.б.) белгілі бір акцентпен, белгілі бір жергі- лікті диалектімен, (мысалы, күрсіну), интонация, фразеология- лык және лексикалык ерекшеліктері. 215

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==