Криминалистика
қондылығы бойынша арық, орташа, толық, сонымен катар, өте толық және өте арық деп бөлінеді. Басы. Адам басының көлемі жалпы дене бітімімен салысты- ра отырып көрсетіледі, ал желкесінің формасы кырынан (тік, ішке кіріңкі және шығыңқы) бейнеленеді. Шашы. Онын калындығы, формасы, мандайының алдыңғы бөлігіндегі шаштың өсу бағыты, таз болу және ақ шаштардың таралу дәрежесі, шаштың үзындығы, прическасы, шаштың қиылу түрі, шашты бояу белгілері бекітіледі. Ал мүрты, сақалы және бакенбардысына байланысты оның үзындығы, түрі, түсі көрсетіледі. Бет-әлпеті. Алдынан карағандағы жалпы формасы (дөңге- леніп келген, сопакша және т.б.), беттің кырынан қарағандағы жалпы пішіні (тік, (дөңес) кіріңкі және шығыңқы), толықтык дәрежесі мен түсі сипатталады. Маңдайы. Кырынан карағандағы биіктігі, орналасуы (ішке қарай кіріңкі, тік, шығыңқы) және жалпы пішіні сипатталады. Қас имегінің алдыға қарай шығуы және мандай дөңестерінің болуы көрсетіледі. Бетпе-бет қарау жағынан мандайдың ені бекітіледі. Қасы. Ұзындығы, ені, қалындығы, орналасуы (сыртқа неме- се ішке қарай иілуі, көлденең), пішіні және өзара орналасуы бойынша бейнеленеді. Көзі. Өлшемі, формасы, көз қиығынын орналасуы, көз ал- масының шығыңқылық деңгейі және түсі сипатталады. Көз түстерінін әр түрлілігі, қылилығы, ак дақтардың болуы, көз протезінің және басқа да ерекшеліктер көрсетіледі. Мурны. Биіктігі мен ені, мұрын үстінің үзындығы, кеңсірі- гінін терендігі, мұрынның шығыңқылығы, қырынан караған- дағы мұрын үстінің пішіні, алдыңғы жағынан мұрын үстінің ені мен формасы, кырынан мұрынның орналасу негізі, мұрын ұшы мен танауының орналасуы мен формасы сипатталады. Еріні. Онын калындығы, сондай-ақ үстіңгі еріннің биіктігі мен шығыңкылығы бойынша сипатталады. Алдыңғы тістер бол- маған жағдайларда еріннің тартылып тұруы байқалуы мүмкін. Ал тістері болған кезде үстіңгі еріннің көтеріңкі болуы немесе төменгі еріннің салбырап тұруы көрсетіледі. Ауызы. Алдынан қарағанда ауызының көлемі мен бұрышта- рының орналасуы (көлденең, көтеріңкі, түсіңкі) бейнеленеді. Тістері. Көлемі, формасы, орналасу ерекшелігі мен түсі бо йынша көрсетіледі. Тістерінің болмауы, зақымданғаны, плом- 213
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==