Криминалистика

оңайсакталынып қалатын белгілер кұрайды. Қосымша бел-гілер тобына адам киімдері мен баска да ұстап жүретін сипаттағы зат- тар жатады. Бұл белгілер іздестіру шараларындағы тану әрекеттерін жүргізуге қолданылуы мүмкін. Ауызша суреттеу анатомиялық белгілерді олардың көлемі- мен, пішінімен, жай-күйімен қарастырады, ал кейбір жағдай- ларда түсін, санын және көзге көріну деңгейін (әжімдерді) көрсетеді. Адам денесінің пішіні оның денесінің басқа бөлшектерін көзбен шолып салыстыру жолымен аныкталады. Мысалы: маң- дай биіктігі мұрын және ауыз өлшемдеріне катысты, колдың үзындығы адам бойына қатысты анықталады. Ауызша суретгеу кезінде үш сатылы, бес сатылы және жеті сатылы градациялар қолданылады. Үш сатылы градация бо- йынша маңдай өлшемдеріне байланысты - төмен, орташа, биік деп сипатталады. Егер де оған өте төмен және өте биік деген сипаттау мөлшерін қосатын болсақ, бес сатылы градация пайда болады. Ал, осыған тағы да екі мөлшерді: орташадан томен және орташадан жоғары деп коссақ, жеті сатылы градация деп атала- ды. Бұл градацияларды қолдану мақсатына карай жедел- іздестіру тәжірибесінде көбінде үш сатылы. ал сот сараптама- сында бес және жеті сатылы градациялар пайдаланылады. Дененің сырткы пішінін сипаттау үшін геометриялык фигу- ралар мен сызыктардың терминологиясы (үшбұрышты, сопак, тік, шығыңқы, ирелеңкі және т.б.) қолданылады. Дене бөлшектерінің өзара орналасуы тік және көлденең жазықтыққа қатысты бекітіледі. ' Шашқа, көзге, бет-әлпетіне, дақтарына, тыртыктарына, та- туировкаға және баска да ерекше белгілеріне катысты ғана түстері көрсетіледі. Бет-әлпеті екі түрлі көріністе сиаптталады: алдынан (бетпе- бет - фас) және жанынан (бір қырынан - профиль, ереже бо- йынша оң жағынан). Анатомиялык (статикалык) белгілерді: Адамның бойы калыптасқан ереже бойынша үш деңгей иіегімен аныкталады: ер адамдар аласа (160 см.-ге дейінгі), орта (164-174см.) және ұзын (174 см-ден жоғары) бойлы. Әйел адам- дарына бұл деңгей мөлшері 5-10 см-ге кішірейтіледі. Жалпы дене бітімі бойынша адамдар мықты, орташа және әл^із деп ажыратылады. Адам денесіндегі май қыртысының 212

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==