Криминалистика

тады. Бүл әдіс бойынша адамның сыртқы бейнесі накты сурет- телді. А. Бертильон адам бейнесінің 49 түрін аныктаған, оның көпшілігі құлак қалқанының әр түрлі бөлшектерінен тұрады. Дактилоскопиялық тіркеу жүйесінің кеңінен таралуына байла- нысты А. Бертильонның бүл жүйесі өзінің тәжірибелік мәнін жоғалтты. Дегенмен де ауызша суреттеу әдісі одан әрі дамып шаркына жетті. Қазіргі уақытта ауызша суреттеу жүйесін кылмыскерлерді, танылмаған мәйіттер мен хабар-ошарсыз кет- кен адамдарды және т.б. түлғаларды сыртқы бейне белгілері бойынша идентификациялау мақсатында қолданады. Сондай- ақ ауызша суреттеу барлык жағдайда, яғни адамның жеке басы аныкталмаған (төтенше жағдайлардың, апаттардың, табиғи апат- тардың болуына байланысты адамдар жаппай каза болған) кез- де немесе қылмыскер өзінің шын атын қасақана жасырған жағ- дайларда қолданады. Сырткы бейне белгілері бойынша сәйкестендіруді азамат- тык сот өндірісі (алимент өндіріп алу ісі бойынша жауапкерді аныктау) кезінде де қолданылады. Адамның сырткы бейнесі бойынша идентификациялауды тарихшылар, өнертанушылар, әдебиеттанушылар және баска да ғылым өкілдері пайдаланады. Қылмыскерлердің сырткы бейне белгілерін теледидар, газет және полиция мәліметтері бойынша хабарлануы, олардың тез арада ұсталуына көмегін тигізеді. Адамның сыртқы бейнесінін жекелігі (қайталанбауы) мен өзгермейтін белгілерінің жиынтығы адамның идентификация- сыныңғылыми негізін кұрайды. Сырткы бейнесі бойынша иден­ тификациялау мен диагностикалаудың ғылыми негізі мен әдістемесі анатомия, адам физиологиясы, сот-медицинасы және математика мәліметтерін ескере отырып криминалистикада жетілдірілген. §2. Адамныц сыртқы бейнесі элементтерінің жүйесі Адамның сыртқы бейнесінің элементтерін және олардың белгілерін негізге ала отырып, адамның сырткы бейнесінің белгі- лері мен элементтер жүйесі дәстүрлі түрде топтастыру аркылы қарастырылады. Адам денесінің құрылыс белгілері мен элемент- тері және оның өмір сүру әрскетінің көрініс табуы — өзіндік белгілер деп аталады. Олар адамнын өзіне ғана тән, оның сырт ­ кы бейнесі бөлінбейді, тек өзіне тиесілі. Адамның сырткы t 210

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==