Криминалистика

— кейде оқиғаның қалай, әрі қандай жағдайларда болғанына және оқиғаға байланысты қажетті басқа да мәліметтер сарап- шыға жіберілмейді немесе олар хаттамада көрсетілмейді. Осы аталған мән-жайлар толық әрі белгіленгсн талаптарға сәйкес жіберілсе сарапшының зерттеуді дұрыс жүргізіп нәтижелі корытынды жасауына себебін тигізеді. VIII т а р а у КРИМИНАЛИСТИКАЛЫК ГАБИТОЛОГИЯ §1. Криминалистикалык габитология және оның гылыми негіздері Габитология - әртүрлі көріністегі адамның сыртқы бейнесін зерттейтін және қылмыстарды ашу мен алдын алу мақсатында сыртқы бейне туралы мәліметтерді жинау, зерттеу және пайда- ланудыңтехника-криминалистикалык кұрал-жабдыктары мен әдіс-тәсілдерін жетілдіретін криминалистикалык техниканың бір саласы болып табылады. Адамның сыртқы бейне белгілері бойынша танудағы кри ­ миналистикалык ілімді жете меңгеру — білім жетістіктерін тәжірибеде кеңінен колданып қылмысты тергеу мен айыпкерді іздестіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Адамдарды идентификациялау үшін криминалистикада әр түрлі әдістер мен тәсілдер жетілдірілген (өнделген). Идентифи- кациялауда кеңінен қолданылатын әдістердің бірі — адамды сыртқы бейне белгілері бойынша салыстыру болып табылады. Адамды сыртқы бейне белгілері бойынша идентификация- лаудың әдістсрі мен ғылыми негіздері жаратылыстану ғылым- дарының жетістіктеріне: анатомия, физиология, сот-медицина- сы, математиканың кейбір бөлімдеріне, жедел-іздестіру және сараптама тәжірибелеріне сүйене отырып үзак жылдар бойы калыптасқан. Адамдарды криминалистикалык идентификациялауға м үмкіндіктің болуы, кез келген адамның сырткы бейнесінің ба ­ ска адамда қайталанбайтын белгілерінің болуына байланысты. Әлемде сыртқы бейне белгілері жиынтығы бойынша бірдей екі адам кездеспейді, тек бір-біріне ұқсас адамдар кездеседі. Бұл қағида криминалистикалык идентификация теориясы мәлі- ' 208

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==