Криминалистика
Алынған үлгілер хаттамада толық, әрі жан-жақты сипатта- лып, оларға нөмірлер қойылады. §5. Талшық заттарды зерттеу Тергеу тәжірибесінде табиғи талшық заттарды криминалис- тикалықтүрғьщан зерттеу кеңінен қолданылып жүр. Себебі олар күнделікті өмірде жиі кездеседі жәнс кылмыстык істерді (кісі өлтіру, зорлау, көлік оқиғасы т.б.) ашуда маңызды рөл атқара- ды. Көрсетілген кылмыстарды ашу кезінде оқиға болған жерде кылмыскердің киімі мен жәбірленген адамның киімінің, не бол- маса көліктің кейбір бөлшектері (қолғап, белбеу, бәтеңке бауы, ілгек, жіп, матанын қиығы) қалады. Аталған қылмыстарды ашуда криминалистикалық зерт- теудің негізгі максаты әрбір жеке бөлшектердің бір затқа жата- тындығын аныктау. Мысалы, колғаптың біреуі екіншісінің сы- ңары, белбеу күртешенікі, ілгек көйлектікі екендігін және т.б. Көптеген табиғи талшық заттарды қылмыскерлер заттай дәлелдемелерді жасыру мақсатында оларды орауға, буып-түю- ге пайдаланады, мысалы: кдпшық, жіп, маталар т.б. Накты айтқаңда талшык заттар мен олардан жасалған бұйым- дарды криминалистикалық зертгеудін максаты - белгілі бір тәсілдерді колданып, талшық заттардын болған оқиғамен бай- ланысын білу аркылы сол болған оқиғанын ақикаттығын анық- тау. Талшык және одан жасалған заттарды зерттеу аркылы мына төмендегі мәселелерді анықтауға болады: - жіптердің, маталардың, жіп бұйымдарының және баска да заттардың тектік, топтык тегін анықтауға; - талшық зерттелетін заттың кай жерінде орналасқанын анықтауға; - тоқыма талшықтарымен былғанған киім іздері бойынша бір киім мен екінші киімнің байланысын анықтауға; - тоқыма талшық іздері мен баска микроіздер бойынша киім мен адам өлтіру қүралының, не болмаса көлік бөлшектерімен арақатынасын анықтауға болады. Бұл мәселелерден баска да мынандай жағдайларды да ше- шуге болады: талшықтың жалпы ортак шығу тегін, дайындау тәсілдері мен киімінің немесе тоқыма бұйымдарының зақым- далу жағдайларын және себептерін. Талшық зерттеу мүмкіншіліктеріне байланысты тергеуші мынандай сүрақтарды анықтай алады: 205
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==