Криминалистика

Заттай дәлелдемелерді тексеру таза қағаздың бетінде жүр- гізіледі. Топырақтың үлкен бөлігі жеке оралып, оның қай жер ­ дей алынғандығы көрсетіледі. Заттай дәлелдемелер қатты қағазға оралып, жәшікке салынады. Су заттар катты кағазбен жабылып бөлме температурасында кептіріледі. Әрбір затты буып-түйген- нен кейін оның сыртына не нәрсе екендігі жазылады және қол қойылып, мер басылады. Егер сарапшыға заттай дәлелдемелерді (киімдерді, аяқкиімді т.б.) жіберу мүмкін болмайтын болса, оларға жабысқан түйір- шіктерді ақырын алып, орап, қай жерден алынғандығы хатта- мада көрсетіледі. Аяқ киім табанындағы тағадағы және аяқ киімнің үстіндегі ластарды акырын алып, орап, кай жерден алынғандығы жазы ­ лады. Тағадағы балшық, не болмаса із жаксы сақталатын бол- ғандықтан оған аса көңіл аудару керек. Оқиға болған жер аумағындағы топырақтың беткі қабаты құрғақ болса немесе бұл аумақ көгал болса, онда бұл заттай дәлелдеме басқа қайнар көзден ластанғандығын білдіреді. Оқиға болған жерді анықгау сол жердің топырағын алумен анықталады. Зертгеуге жіберілетін топырақтың үлгісі қанша болу керек екендігі сол жердің топырағының құрамына, шөп- тердің түрлеріне байланысты (егер, жер әр түрлі болса үлгі көп болады). Топырактың үлгісі келесідей екі түрге бөлінеді: 1) салыстырмалы түрі — бір жерден немесе бірнеше жерден алы- нады; 2) бақылау түрі - сол ортаның айналасынан алынады. Мысалы, аяқкиімнің табанындағы балшық (сезікті адамның жұмыс істейтін жерінің, болмаса гүратын жерінің балшығы)- бакылау түріне жатады. Топырақ үлгілері (салыстырмалы және бақылау түрлері) — 50 гр.; — 200 гр. - дейін алынады. Үлгі топырақ болса, оны по- лиэтилен-дорбасына салу қажет. Үлгі жол бойында дүрыс сақ- талуы үшін оны ораған зат мықты болуы тиіс. Топырақтыңәр- бір үлгісін кай жерден, қандай терендіктен алынғандығы, уақыты, нөмірі хаттамада бекітіледі. Топырақтану зерттеу са- рапшысына топырак үлгісі окиға болған жерді қараудан кейін көп уақыт өткізбестен дереу жеткізілуі керек. Себебі уақыт өткен сайын топырақтың қасиеттері өзгереді. Топырақ үлгісін кандай терендікте алу, тексерілетін заттың қаншалықты терендікке кіргеніне байланысты. Мысалы, тексерілетін объект етік болса, онда үлгі-топырак 1 — 2 см терендіктен алынады. 204

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==