Криминалистика

Қоршаған орта табиғи жағдайда болуы немесе жасанды бо- луы (адам колымен жасалуы) мүмкін. Табиғи дегеніміз - сулар, сайлар, кыраттар, шөптер және т.б. Қолдан жасалғандарға (жасандыларға) мыналар жатады: жолдар, егістіктер, бау-бақшалар, бақтар және т.б. Табиғи ортаны аныктау өте қиын, себебі бір жердін топы- рағы екінші жермен бірдей болады. Ал қолдан жасалған жағ- дайда бір жермен екінші жердің топырағының айырмашылығы бірден көзге түсіп тұрады. Қоршаған ортаның накты белгілері айқын болса, тергеуші топырақтану зерттеу сарапшысына осы жердің көлемін, сипа- тын және баска белгілерін көрсетеді. Егер ол жердің айкын белгілері болмаса тергеуші сарапшының өзін сол жерге шақы- рады. Сарапшы немесе маман сол жерден топырақты кандай үлгіде алу керек екендігін анықтайды. Топырақ зерттеу сарап ­ шысына алынған заттарды жіберуден бүрын тергеуші төмен- дегідей мәселелерді шешіп алуы керек: • оқиға болған жерді карау, тексеру, оның аумағын, шека- расын анықтау; • оқиға болған жерден зерттеуге үлгі топыракты алу, оларды буып-түю; • ластанған заттарды табу, бекіту, алу және буып-түю неме ­ се орау; • оқиға болған жер жөнінде кейбір деректерді жинау (жерде тыңайткыш, коқыстар бар ма және т.б.); • окиға болған уақыттан топырақ үлгісін алғанға дейінгі ара- лыкта ауа-райы кандай болды (жаңбыр, жел, ауаның темпера- турасы, топырактың ылғалдылығы және т.б.); • оқиға болған уақыт пен заттың үлгісін алу арасында өзгерістер болған жок па (киімді, аяккиімді өзгерту, оларды тазалау, я болмаса op казу, жер жырту т.б.). Сонымен, тергеу- шінің жумысы тек зерттеу үшін үлгі алу емес, сол жерді тексеріп карау. Енді осы жүмыстардың эр кайсысын жеке карастыратын бол- сак, заттай дәлелдемелерді тексергенде мына мәселелерге көңіл аудару кажет: заттай дәлелдемелердің беті лас болып, ал окиға болған жер күрғак болса, онда бұл жерде жаңбыр жауғандығын не жаумағандығын анықтау керек; егер заттың бетіндегі топы- рактың түсі сол жердің топырағына үксамайтын болса, онда окиға баска жермен байланысты болуы мүмкін. 203

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==