Криминалистика

— ылғал заттар кептіріледі; — әрбір зат жеке-жеке оралады немесе буып-түйіледі, оған каңдай зат екендігі жазылады және қол қойылып, мер басылады; — орайтын қағаз, шыны т.б. заттар міндетті түрде таза болуы шарт. §4. Топырақтану Қылмысты алдын ала тергеуде және сотта мынандай мәсе- лелерге: қылмыс болған жердегі адамның, жануардың, заттар- дың, көліктің жылжуына, орнынан қозғалуына олардың арақа- тынастары мен тағы басқа жағдайларға көңіл аудару керек. Бұл жағдайларда киімге, аяқкиімге, көліктің кейбір жерлеріне жа- бысқан заттарға (топырақ, шөп т.б.) карал қылмыстың қай жерде болганын, қандай топырақпен байланысты екенін анықтауға болады. Бүгінгі танда топырақтану ғылымы жақсы дамыған. Топырақтану сараптамасы криминалистикадағы топырақта- ну тәсілінің негізінде дамып, табиғатты зерттеу ғылымдарының басқа, яғни геология, минералогия, микробиология, агрохимия, биохимия табыстарының соңғы жетістіктерін пайдаланады. Топырақтану арқылы келесідей жағдайлар анықталуы мүмкін: 1) зерттейтін заттарға жабысқан объектілер және ол затгың қай жеріне жабысқандығы; 2) жабысқан заттың топырақпен байланыстылығы, болмаса баска заттармен байланыстылығы; 3) жабысқан түйіршіктердің бір жерден, не болмаса эр жер ­ дей екендігі; 4) топырақтың қай жерден екендігі; 5) затқа жұққан топырақ оқиға болған жердің топырағына жататындығы немесе жатпайтындығы және оқиғамен байланыс- тылығы; 6) затқа жабысқан заттардың бір-бірімен арақатынас жағдай- лары. Көрсетілген сұракгар топырақ зерттеу сараптамасының негі- зі болып саналады. Бірақ, іс жүзінде қылмысты тергегенде бас ­ ка да (жабысқан заттардың пайда болуы және оның уақыты, зерттейтін заттардың кандай жағдайларда сақталғандығы және де алынған топырак елдің қандай мекеніне жататындығы жа- 201

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==