Криминалистика

— оқиға болған жерден, мүмкіншілігі болса сынған затгар- дың барлық бөлшектерін, тіпті болмаса өте ұсак бөліктерін де жіберу қажет. Себебі, осы ұсақ бөлшектер оқиғаны аныктауда шешуші орын алуы мүмкін. Тергеуші ұсак бөлшектерді алғанда олар- дың қай жерден алғандығын хаттамада көрсетуі тиіс. Боялған заттың өзін жіберуге мүмкіндік болмаса, ол заттың бетінің әр жерінен үлгі алынуы керек. Бояу үлгілері заттын бетінен өткір пышакпен, болмаса басқа затпен өте терендетіліп алынады. Бұл жағдайда бояудың морфологиясы сақталады. Егср зерттелетін объект сұйык болса оның бәрі жіберіледі. Тергеуші сараптамаға жоғарыдағы айтылған мәліметтерден, үлгілерден баска келесідей мағлүматтарды беруі керек: — заттардың боялған уақыты (автокөліктің зауыттан шык- кан уақыты, технологиялык боялу ерекшеліктері, мысалы: за- уыт немесе зауыттан тыс жағдайда боялуы) туралы; — боялған заттың бетіндегі баска заттар (әк, қиыршық, ағаш- тың ұнтағы т.б.) туралы; — боялған заттың қай жерде, кандай жағдайда сакталғанды- ғын (мысалы, көлік сарайда цементтің арасында сакталған) жөнінде; — оқиға болған уақыттан үлгі алғанға дейін өзгерістердің болуы (қайта бояу, бір бөлшекті екінші бөлшекпен айырбас- тау) жайында; — боялған заттың екінші затпен кактығысуы (жанасуы, со- ғылуы, үйкелісуі) туралы; — тергеуші хаттамаға зерттейтін заітардың қандай жағдайда табылғандығы жөнінде және табылған заттардың үлгілері қалай алынғаңдығы туралы анықтап жазып көрсетуі қажет. Тергеуші зертгеуге жататын заттарды жібергенде жоғары- дағы айтылған мәселелерді және мағұлматтарды жан-жақты карастырып, сарапшыға тиянақты сүрақтар қоюуы керек. Көп жағдайларда сараптаманың нәтижелігі тергеушінің үлгіні қалай дайындағандығына байланысты. Заттай дәлелдеме- лер сарапшыға сол күйінде жеткізілуі тиіс. Үлгі, заттай дәлел- демелерді алу, оларды сақтау, жіберу мына төмендегідей талап- тарға сәйкес болуы тиіс: — оқиға болған жердегі боялған заттың бөлшектері қағаз, не болмаса шыны ыдысқа салынады; — алынған үлгі басқа заттармен араласпауы және олардың ' зақымданбауы керек; 200

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==