Криминалистика
Осы жоғарыда айтылғандарды ескере отырып лак-бояу объектілерін зертгеу аркылы төмендегідей мәселелерді анық- тауға болады: — заттың бетіндегі бояу ма, әлде басқа зат па; - салыстырылатын бояулардың тегі және тобы бір ме, әлде бөлек пе; — зертгелетін бояудың бөлігі арқылы сол бояуды білуге бола ма, егер болса осы бояу (түйіршік) - боялған затпен (бұйым- мен) байланысты ма, әлде басқа затпен байланысты ма; - зерттелетін заттар бір-бірімен байланысты ма, әлде жок па. Жағдайға байланысты сарапшының алдына баска да келе- сідей сұрақтар қойылуы мүмкін: - заттың бетіндегі бояу колдан боялған ба, әлде зауытта боялды ма; — бояуды қай жерде пайдаланады; — зерттелетін зат қылмыстын ізін жасыру үшін баска түске өзгертіліп боялды ма, жоқ па. Бояуды криминалистикалық зерттеудің тиімділігі көбінесе тергеушілер сараптамаға жіберетін заттарды дүрыс дайындау- ларына байланысты. Тергеушілер сараптама тағайындағанда мынандай мәселелерді шешулері керек: сарапшы нені анықтауы кажет, сарапшыдан нені білгілері келеді, сараптамаға жіберілетін заттай дәлелдемелердің (көліктің кейбір боялған бөлшектері — есігі, рамасы т.б.), не болмаса бояулардың қайсысы идентифи- кациялауға жатады. Ол үшін тергеуші зерттейтін заттардың үлгілерін сарапшыға жібереді. Сараптамаға жіберілетін лак-бояу заттары: - окиға болған жердегі бояудың бөлшектері; — окиға кейіпкерлерінің заттары (киімдері, аяқкиімдері, көліктін бөлшектері т.б.); - оқиғаға байланысты күдікті объектілердің үлгілері. Егер оқиға болған жердегі бояудын көлемі бірнеше милли метр болса және ол көзге анық көрініп тұрса, онда трасология- лык сараптама жүргізіледі. Зерттеудің нәтижелі болуы мына жағдайларға байланысты: - сәйкестендіруге жататын боялған заттың тез табылуына, бояудың өзгермеуіне (қайтадан бояу, бір бөлшекті екінші бөлшекпен ауыстыру және т.б. жағдайлардың болмауына) бай ланысты; — сараптамаға оқиға болған жерден табылған заттың бетіндегі катпарланған ізін қырып алмай, мүмкіндігінше өзін жіберуіне байланысты; 199
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==