Криминалистика
бермейді. Себебі зерттелетін материалдар шеңбері өте кең, олар бұл мәселелерді шешуді елеулі түрде қиындатады және баяула- тады. Сонымен қатар, зерттелетін заттар шеңбері әдетте ұсы- нылған кылмыстық іс жағдайларымен шектеледі. Бұл жағдай- ларға қарамастан сараптама тағайындау туралы қаулыда міңдетті түрде тексерілетін заттар мен материалдар көрсетілуі тиіс. §3. Лак-бояу және боялған заттарды зерттеу Көп жағдайларда қылмыстык істерді ашу кезінде лак-бояу бұйымдары (лак, бояу, эмаль және олардыңқосындылары), боял- ған заттардын беті заттай дәлелдеме ретінде пайдаланылады. Лак-бояу, боялған затгарды сараптаудың негізгі мақсаттары болып мыналар табылады: — заттың боялған, не бояу жұққан қабатынан лак-бояу зат- тарының қүрылымын және түрін анықтау; - лак-бояу жұғылған іздерді зерттеу аркылы, заттардын тектік, топтық бірлестіктері мен айырмашылықтарын және олардың шығу тегін анықтау. Тергеу тәжірибесінде көптеген тергеушілер, соттар сарап- шылардың алдына дүрыс сұрақ коюды жете білмейді. Сондық- тан лак-боялауларды зерттеуде көптеген қателіктер кетеді. Мысалы, зерттелетін бояулар химиялык кұрамы жағынан бірдей болуы мүмкін, бірақ олардың шығу көздері әр түрлі. Бүгінгі танда лак-бояу заттарын зерттеу олардын қай топка, шығу көзіне жатуына байланысты жүргізіледі. Бұлай зерттеудің себебі лак-бояуларды жасау тәсілінің стандарттылығына бай ланысты (біртекті технология). Соңғы уақытта боялған заттардың өзара катынасын зерттеу де сараптама көптеген жетістіктерге жетті. Мәліметтегі өзара байланысты аныктау - кешенді сараптаманың мәселесі болып табылады. Бұл мәселені сараптамалық зерттеу өте күрделі жұмыс. Мұндай жағдайлар көбінесе көлік оқиғасымен байла нысты. Тәжірибе көрсеткендей көбіне сарапшыға бояуды, талшық- тарды, бензинді, солярканы, шыныны, топырақты жеке зерт- теуге тура келеді, бұл заттар негізінен үлкен бір заттың бөлшек- тері болып табылады. Бұл зерттеу трасология ғылымының тәсіл- дерімен толықтырылған жағдайларда ғана заттардың өзара бай- ланысын анықтауға болады. 198
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==