Криминалистика

олар тіпті қолайсыз жағдайлардың өзінде сақталынатындығын естен шығармау кажет. Бірак микрообъектілердің өзара байла- ныска түсу салдарынан немесе еш байланыссыз-ак (су таскы- ны, жел, дауылдың болуы салдарынан) орындарын ауыстыру- лары мүмкін. Микрообъектілер ең алдымен визуалды (көзбен немесе лу- памен) байқау арқылы әр түрлі жарық бұрышымен анықтала- ды. Көлеңкелі, шұңқыр, саңылаулы зоналарды табиғи жарык- тандыру кезінде ақ қағаз парақтары немесе телескоптық ұста- ғыштары бар криминалистикалык кезекті айналар қолданыла- ды. Жасанды жарықтандыру кезінде қарау жұмыстары - гало- генді және үстелге қоятын лампыларды, электрлік фонарлар- ды, лабораториялық микрожарықтандырғыштарды колдану ар- қылы жүргізіледі. Көрінбейтін және нашар көрінетін микро- объектілерді табу үшін мынандай арнайы әдістерді колдануға болады: шағылысқан сәуле аркылы бақылау, жарықтандыру бағытын жылжыту, қарастырылатын затты жартылай көлеңке- леу және т.б. Кажет болған жағдайларда жоғарыда көрсетілген әдіс-тәсілдер әр түрлі комбинацияларда колданылуы мүмкін. Көрінетін сәуледегі спектрлік зоналармен қатар ультра- күлгін (УК) сәулелері де кенінен қолданылады. УК сәулелерін- дегі люминесценция бойынша мәтіндегі талшыктарды, әр түрлі лак-бояу қабаттарыныңбөлшектерін, жанармай материалдары- ның, құжаттағы мәтіндерді өшіруге пайдаланылған химикатгар мен басқа да заттардың іздерін аныктауға болады. УК сәулелері- мен жарықтандыру жұмыстары қысқа мерзімде жасалуы кажет. Микрообъектілерді анықтау кезінде инфракызыл (ИК) сәулелерін қолданудыңда маңызы ерекше. Олардың көмегімен кара түсті беткі қабаттағы кара түсті микрообъектілерді, мыса- лы: протектордегі немесе аяқ киім табанындағы резеңкеден көмірдің, тастың, металл, күйе, ұнтактардың бөлшектерін та- буға болады. Сонымен қатар ИК сәулелері арқылы ластанған, сия жағылған іздер мен анилинді бояғыш заттардың және штрих үстінен жүргізілген бүркемелеу іздері анықталады. Микрообъектілерді бекіту және алу ерекшеліктері табу кезіндегідей, оның табиғатымен байланысты болып келеді. Микрообъектілерді бекітуді алдын ала қамтамасыз ете отырып, оларды тасушы заттармен бірге немесе оны тасушы бөлігімен бірге алған дұрыс. Сонымен қатар, міндетгі түрде сарапшының қарауына куә объектілері де (микрообъект салынған затты не- 196

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==