Криминалистика

түрлі құбылыстардың, я заттардың маңызын, мекен-жайын, негізгі қасиетін, табиғаты мен жаратылысын анықтау. Экспе- рименттік тәжірибелер жүргізгенде жоғарыда көрсетілген ба- кылау, өлшеу, сипаттау әдістері де қолданылады. Тәжірибеде «эксперимент» ұғымы эксперимент және тергеу эксперимент! деп екі мағынада қолданылады. Эксперимент ұғымы жалпы ғылыми әдістер, ал тергеу эксперимент! тергеу әрекеті болып табылады. Сараптамалық эксперимент сараптама жүргізуге керекті үлгілер алуға, кейбір құбылыстардың өту барысын бақылауға (мысалы іздін пайда болу механизмін тексеруге) және сарапта- мада пайдаланатын (химиялық, физикалык т.б.) әр түрлі тәсілдердіңтиімділігін, нәтижелігін тексеруде пайдаланылады. Тергеу эксперимент іс бойынша, баска тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы табылған деректерде көрсетілген оқиғаның шындығын тексеру үшін, болған оқиғаны кайтадан бұрынғы қалпына келтіріп, оған ұқсас жағдайларда тәжірибелер жүргізу арқылы орындалады. Тергеу эксперименті мына мәселелерді аныктау үшін жүргі- зіледі: а) белгілі бір іс-әрекетті деректерде көрсетілгендей жағдай- да істеуге (жасауға) бола ма, жок па? Мысалы, корғандағы тесік арқылы белгілі бір затты алып шығуға бола ма? Белгілі қашық- тықтағы жерге бір сағаттың ішінде автокөлікпен, істе көрсе- тілген жолмен барып, келуге бола ма т.б.; ә) іс бойынша тексеріліп отырған окиғаны белгілі қашык- тықта және жарықтықта көріп кабылдауға бола ма? Белгілі дыбысты, я кісініңдаусын істе көрсетілген жағдайдаестіп, айтыл- ған сөздің мағынасын түсінуге бола ма т.б.; б) іздің пайда болу механизмін зерттеп аныктау. Бүл мәселені жоғарыда көрсетілген сараптамалық эксперимент жүргізгенде аныктайды. Бірақ кейбір жағдайда, іздің пайда болу механизмін зерттеп, аныктауға арнаулы білімнің қажеті жоқболса, тергеу- шінің өзі эксперимент жүргізу аркылы бұл мәселені анықтап шеше алады. Экспериментте колданылатын тәжірибелер тергеу әрекетіне қатынасқан адамдардың денсаулығына, өміріне катер туғызбай- тын жағдайда өткізіліп, процессуальдык заңға кайшы келмей- тіндей болуы керек. Криминалистикада жоғарыда көрсетілген жалпы әдістермен қатар арнайы әдістер де колданылады. 2-846 17

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==