Криминалистика
көру. Салыстыру - өте күрделі логикалыкталдауды қажетстетін ойлау процесі. Бірнеше объектілерді салыстырғанда, алдымен әр объекті жеке алынып зерттеледі. Қасиеттер мен белгілерді іріктегенде аса көңіл аударатын нәрсе — ол салыстыру негізіне алынатын қасиеттер мен белгілер осы объектіге тән және түракты, баска объектілерде жиі кездеспейтін қасиеттер (белгілер) болуы тиіс. Жоғарыда қолданылып отырған «қасиет» және «бслгі» деген сөздердің мағынасына түсінік бере кету қажет. Бұл екі сөз бірімен-бірі тығыз байланысты болғанымен тең мағыналы ұғым емес. Объектідегі белгі зерттеп отырған объектініңерекшелігіне байланысты: кейбір объектінің қасиетін бірден аңғарып қабыл- дауға болады да, ал кей объектінің тек белгілерін кабылдап, сол арқылы қасиетін білуге болады. Мысалы; аяктың ізінде калған белгілер аркылы ізді қалдырғанадамныңаяқалысыерекшелігін ажыратуға болады (жеңіл жүріс, кербез жүріс, адымы үлкен, аяғын ақсап басады т.б) . Әрине бірнеше объектіде бірдей, не ұқсас касиет пен белгі болуы мүмкін. Сондықтан тек бір, не екі белгіні негізге ала оты- рып, салыстырып отырған объектілердің тепе-тендігін шешуге болмайды. Сондықтан әр объектіні жеке зерттегенде бірнеше қасиетгер мен белгілерді іріктеп алып, олардың осы күйінде бас ка, осыған үқсас объектіде болмайтынын анықтау қажет. Са- лыстырайын деп отырған объектілерден жинақ касиеттер тап- қаннан кейін, зерттеуші салыстырудын екінші кезеңіне (саты- сына) көшеді. Бұл зерттеу кезеңінде салыстырып отырған екі объектіден (я бірнеше объектілерден) іріктеліп алынған белгілер бір-бірімен салыстырылып олардың бірдейлігі, не өзгешелігі анықталады. Салыстырудын. үшінші кезеңінде (сатысынла) белгілерді бір-бірімен теңестіріп, салыстыра тұжырымдай оты- рып, зерттеуші белгілі корытынды шығарады. Салыстыру үстінде белгілі корытындыға келу үшін зерттеуші логикада қол- данылатын талдау, синтез, абстракция, болжау және т.б. тәсілдерді пайдаланады. Криминалистикалық зерттеуде эксперименталдық тәсілдер де қолданылады. Эксперимент дегеніміз — объективтік накты- лы тануға колданылатын ғылыми тәжірибе. Криминалистикада заттарды зерттегенде, кылмысты тергегенде пайда болған бол- жаулар әр түрлі тәжірибелер арқылы эксперименталдық ^дістермен тексеріледі. Эксперименттің негізгі міндеті — әр 16
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==