Криминалистика

лы жалпы объект жөнінде үғым беріледі. Объектініңбелгілерін тауып оны бейнелеу жоғарыда көрсетілген бақылау, өлшеу тәсілдерін колдану арқылы сипатталып баяндалады. Бейнелеу ауызша, не жазбаша түрде қолданылып жүрген криминалисти- калық классификациялык жүйе бойынша суреттеледі. Бейне- леуді бекітіп қабылдау үшін техникалык құралдар, атап айтқан- да: диктофон аппараты қолданылады. Криминалистикада бей ­ нелеу арқылы жеке іздер, қолжазбалар, оқ дәрі және адамдар- дын түр нұсқасы суреттеліп жазылады. Бейнелеудің кай түрі қолданылатындығына карамастан олар кылмыстык істер жүргізу заңына сәйкес болуы тиіс. Объектілерге тән қасиеттер мен белгілсрді зерттеуде опти- калык аппараттар және баска да ғылыми-техникалык күрал- дар - микроскоптар, спектрофотометрлер, газохроматрограф кеңтүрде пайдаланылады. Криминалистикада бейнелеп сипаттаудын екі түрі бар. Бір жағдайда объектілер мен кұбылыстар тікелей карап сипатталса, екінші жағдайда олар баска деректерден алған мәліметтер арқы- лы ғана бейнеленіп жазылады. Мысалы: тергеуші затгай дәлел- демелерге тән қасиеттерді өзі тікелей қарагі, қабылдау арқылы хаттамаға жазады. Кей жағдайларда тергеуші өзі көрмеген объектілерді де бейнелеп хаттамаға жазуына тура келеді. Атап айтқанда, кылмысты жасаған сезікті адамныңбет-бейнесін және баска да белгілерін хаттамаға тергеуші осы адамды көрген куәнің айтуы бойынша суреттеп жазады. Объектілер (не құбылыстар) кейде толық бейнеленіп, ал кей жағдайларда үзінді (фрагменттік) түрінде де сипатталып жазылады. Кейде қалыптасқан жағдайға байланысты объектіні (нс құбылысты) толык бейнелеп жазуға мүмкіншілік болмай қалады. Мұндай жағдайда тергеуші объек- тінің тек елеулі белгілерін алдын ала көрсетіп, толық сипатта- масын кейін бейнелеп хаттамаға бекітеді. Әрине уакыт өткен сайын объектілерге (не құбылыстарға) тән белгілер (қасиеттер) ескіреді, не жойылып кетуі мүмкін. Сондықтан қарауда кабылданған белгілер дер кезінде толық си ­ патталып жазылуы керек. Қылмысты дәлелдеуге пайдаланыла- тындықтан хаттамада қаралған объектілер жөніндегі мәліметтер бұрмаланбай, өзгертілмей жазылуы керек. Криминалистикада ең жиі колданылатын тәсілдердің бірі, ол салыстыру тәсілі. Салыстыру дегеніміз екі, не болмаса бірнеше объектілердің өзіне тән белгілерін теңеп, салыстырып 15

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==