Криминалистика
Әр ғылымның пәндік сипаттамасы, мазмұны ол ғылымнын міндеттерімен тығыз байланысты. Жоғарыда талданған крими- налистиканың пәндік сипаттамасы оның арнаулы міндеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен криминалистиканың мына төменде көрсетілгендей негізгі міндеттері бар: 1) криминалистиканың ғылым ретінде дамуы; 2) затгай дәлелдемелерді, іздерді тауып, бекіту, алу және зерт- теу үшін керекті жаңа криминалистикалык әдістер мен тәсіл- дерді одан әрі өндеп жетілдіру және осы әдістерді пайдалануға лайыкты техникалык қүралдар жасау; 3) алдын ала тергеудің үйымдык, тактикалык негіздерін жетілдіру. Әрбір тергеу әрекетінің тактикалык әдістерін өндеу аркылы оның нәтижелігін арттыру; 4) жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемелерін өндеп жетілдіру үшін жаңа ұсыныстар енгізу; 5) қылмысты болдыртпау үшін криминалистикалык сақтан- дыру шараларын кұқыккорғау органдарына ұсыну. § 2. Криминал истиканың жүйесі Криминалистика ерекше, дербес ғылым бола тұра, өзі жеке бөлімдерден кұралады: криминалистиканың теориялық және әдістемелік негіздері, криминалистикалык техника, тергеу так- тикасы, жекеленген қылмыстарды тергеу әдістемесі. Сонымен катар, криминалистер кейінгі жылдары кримина листика жүйесінде кылмысты ашу мен тергеуді ұйымдастыруға арналған тағы бір бөлімді бөліп көрсетеді. Олардың пікірлері бойынша бұл бөлімнің үғымына крими налистикалык болжаулар, сондай-ақ, тергеу процесіндегі тергеушінің әр түрлі кызметпен өзара байланысын жоспарлау жөніңдегі ілімдер кіруі кажет. Бірінші бөлімде криминалистиканын пәндік сипаттамасы, оның жүйесі және жеке бөлімдерінің кыскаша мазмұны беріледі. Осы бөлімде криминалистикада пайдаланылатын жал- пы ғылымдыкжәне арнаулы әдістер көрсетіле отырып, иденти фикация мен диагностика ілімдері теориялық жағынан қарас- тырылады. Екінші бөлімде заттай дәлелдемелерді және іске керек деректерді іздеп табуға, бекітуге, алуға, зерттеуге керекті тәсіл- дер мен әдістер, осыған байланысты колданылатын техникалык к?ұралдар жөнінде айтылады. ю
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==